Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Өмірбаяны

Өмірбекова Бақтыгүл Сүйінбайқызы

Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 Бұйрығы негізінде, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы «Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МККК басшысы лауазымына 2025 жылдың 14 сәуірінде Өмірбекова Бақтыгүл Сүйінбайқызы тағайындалды.

Бақтыгүл Сүйінбайқызы 1983 жылы 6 қазанда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентінде дүниеге келді.

2004 жыл - Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін, тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

2018 жыл - Алматы Менеджмент Университетінің «Іскерлік әкімшілік» магистрі.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісінің иегері.

Еңбек жолы:

2005 жылы Білім саласындағы жаңа технологиялардың аймақтық орталығында, әдіскер қызметінен бастаған;

2006ж. - 2008ж. Маңғыстау облысының білім департаментінде Педагог және басшы кадрларды аттестаттау жөніндегі бас маманы;

2008ж.- 2011ж. Маңғыстау облысы білім басқармасы, техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы;

2011ж. -2014ж. Маңғыстау облысы білім басқармасы, жас өспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі бас маманы;

2014ж. - 2016ж. Маңғыстау облысы білім басқармасы, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы;

2016 жылдан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облысының білім басқармасының педагогтармен жұмыс және білім саласындағы кадрлық саясатты іске асыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

  

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері