Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Колледж жаңалықтары

4 шілде 2022

Мемлекеттік емтихан Worldskills чемпионаты шеңберінде

Демонстрациялық емтихан тапсыру барысында студенттер өздерінің теориялық алған білімдерін практика жүзінде дәлелдей алды. ҰОҚ-нің жоспарын жазуды толық меңгергендіктерін көрсетті. Еріктілер тобымен сабақты жүргізу барысында болашақ тәрбиешілердің шеберліктері әр қырынан көрініс тапты. Кіріктірілген сабақты көрсету барысында білім беру салаларын бір-бірімен шебер  ұштастыра білді. Сабақтың тақырыбына сәйкес дидактикалық ойындарды таңдай отырып, қажетті материалдарды эстетикалық талғаммен дайындады. Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін сабақ барысында, дидактикалық ойынды өткізу  кезінді тиімді пайдалана білді.

Берілген модульдердегі әртүрлі тапсырмалар студенттердің кәсіптік шеберліктерін шыңдайтындығы көрініп-ақ тұрды. Ертегіні мәнерлеп оқу және оны еріктілер тобымен сахналау кезінде студенттер өздерінің  актерлік қырларын көрсетті. Робототехниканы программалау  және оны қозғалту арқылы студенттер компьютерлік сауаттылықтарын аңғартты. Қимыл-қозғалыс ойындарының мақсатын, шартын анықтап, оны ерітілер тобымен  өткізе алды. Балалардың ұйқыдан кейінгі шынықтыру шараларын ұйымдастыра алатындықтарын және ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін білетіндіктерін іс жүзінде көрсете білді.

Демонстрациялық емтихан тапсырған студенттер өздерінің тәрбиеші болуға дайын екендіктерін дәлелдей отырып, 5 (өте дақсы) деген бағамен бағаланды. 

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері