11 қараша 2022
Маңғыстау жастар ресурстық орталығының ауыспалы кубогына арналған пікірсайыс өтті
2022 жылдың қараша айының 11-і күні Маңғыстау жастар ресурстық орталығының ауыспалы кубогына арналған пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа облысымыздағы колледждерден 16 команда катысты. Дебат қарарларының көпшілігі жастар мәселесіне байланысты болды. Ойын өте тартысты әрі қиын болды. Себебі кейбір қарарлар сол жерде берілді. Сондай-ақ командалардың деңгейлері де өсіп келеді. Іріктеу турында әр команда үш ойыннан өткізді. Біздің команда үш ойынның барлығынан да жеңіске жетіп, ¼ финалға шықты....18 қараша 2020
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Халықаралық студенттер күніне орай колледжімізде «СТУДЕНТТІК, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» атты мерекелік концерт өтті. Ковидке қарсы санитарлық талаптарды сақтай отырып, шектеулі адамдармен өткізілген бұл шара инстаграм желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Колледждің қалған студенттері мен оқытушылары осы желі арқылы тамашалады. Концерт барысында мерекенің шығу тарихы туралы мәлімет беріліп, студенттік әзілдер мен әндер айтылып, күй тартылды, өлең оқылды. Мереке қарсаңында өткен «Біз таланттарды...