Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Жаңалықтар

0

Хабарландыру!

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz педагог-психолог бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады.

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК педагог-психолог бос лауазымы (В3-1 лауазымдық санаты) Лауазымдық  жалақы педагогикалық еңбек өтіліне қарай штаттық кестеге сәйкес төленеді.

Педагог-психолог лауазымының функционалдық міндеттері:

● білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және сақтауға, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

● білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді;

● білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өтініштері кезінде психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;

● білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып түзету-дамыту бағдарламаларын жоспарлауға қатысады және әзірлейді;

● білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді;

● әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық);

● білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;

● білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

● білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтарға, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек көрсетеді және әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді;

● білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, Бала құқықтары туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі

● еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды;

● педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында психологиялық қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;

● белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді және оны мақсаты бойынша пайдаланады, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

● педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;

● баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

● білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;

● кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;

● білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;

● жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін ажыратады;

● білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;

● жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;

● білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;

● білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 1 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 2 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл; педагог-шебер үшін – 4 жыл.

Конкурсты өткізу орны:

Ақтау  қаласы, 2 ш/а, 57 ғимарат, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

  Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап  7  жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 





30 маусым 2023

eOtinish

...

1 маусым 2023

«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақыт, Күн, Достық – балаларға» тақырыбында әр түрлі шығармашылық шаралар: тәрбие сағаттары, тренингтер, кішкентай бүлдіршіндермен кездесу өткізіліп, жастар белсенділіктерін көрсетті. Мақсаты: Оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін...

1 маусым 2023

«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әр түрлі ұлттардың балалары! Болашақ сіздің қолыңызда!», «Дети разных народов! Светлое завтра в ваших руках!» тақырыбында ОТБ-21-2 тобы студенттері топ жетекшісі М.О. Онланбековамен балаларға арналған «Ақбота» саябағында қойылымдар мен ойындар өткізіп, кішкене бүлдіршіндерді мерекелерімен...

31 мамыр 2023

«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шығармашылық флешмоб аясында дебат (пікірсайыс) ойыны болып өтті. Мақсаты: Студенттерді өз көзқарастарын жүйелі етіп дәлелдеуге жетелеу, қарсы пікірдегі адамның қойған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып, дәлелді жауап беруге дағдыландыру. #АссамблеянародаКазахстана #балалықшақәлеміқандайғажап #өзінөзібасқару  ...

30 мамыр 2023

«Бізді кітап табыстырды»

2023-ші жылдың мамыр айында «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде» «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Бізді кітап табыстырды» атты фото байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: студенттер арасында қарым-қатынасты нығайту, әдебиетті насихаттау және өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында студенттердің кітаптың арқасында бір-бірімен жақын араласып таныстықтары нығайды, өздерінің оқыған кітаптары туралы әңгімеледі.  ...

28 мамыр 2023

«Біз нашақорлыққа қарсымыз!»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты студенттермен нашақорлықтың алдын-алу челленджі жалғастырылды. Мақсаты: Жастардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» челленджін Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжіне жолдаймыз. #тәрбиебөлімі #бізнашақорлыққақарсымыз #Mangistaudp_upn  ...

24 мамыр 2023

«Студент көктемі – 2023» байқауы

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі «Студент көктемі – 2023» байқауына спорттық жарыс (шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі) және музыкалық қойылым бағыттары бойынша қатысып, бағын сынады. Байқау кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері арасында өтті. «Студент көктемі – 2023» облыстық студенттік фестивалін 16-20 мамыр аралығында «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қоры Маңғыстау облысының жастар саясаты басқармасының...

18 мамыр 2023

«Сыбайлас жемқорлық және қоғам»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 18.05.2023 жылы «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» тақырыбында 2 курс студенттерімен топ жетекшісі М.М.Шадимуратованың ұйымдастыруымен тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.  ...

12 сәуір 2023

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжіне 40 жыл!

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің іргетасы 12.04.1983 жылы қаланып, міне араға бірнеше жыл салып, бүгінде 40 жыл толып отыр. Колледж тарихында оқу орнының атауы бірнеше мәрте өзгертілді. Алғашында Маңғышлақ педагогикалық училищесі ашылған оқу орны 1991жылы қаңтар айында Маңғыстау педагогикалық училищесі болып өзгертілді. Сол жылы маусым айында Эксперимент ретінде ҚСРО Халық білім Министрлігінің шешімі бойынша педагогикалық училищенің базасында...

14 наурыз 2023

"Амал келді, жыл келді"

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары  педагогикалық колледжінде 14 Наурыз «Амал мерекесі» күнінің маңызын түсіндіру, салт-дәстүрлердің ерекшеліктерін айта отырып, жастарды  сыйластыққа тәрбиелеу мақсатымен "Амал келді, жыл келді" тақырыбында шара өткізілді. Жастарға бұл күні  қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілейтіні, «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бір-біріне құттықтау сөздер айтатыны,  ең...

21 ақпан 2023

«Ана тілім – мақтанышым менің»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 21 ақпан халықаралық ана тілі күніне арналған «Ана тілім – мақтанышым менің» тақырыбында іс-шара өткізілді. Осы шараны өткізген педагог- психолог Мусрепова Х.К., және ағылшын тілінің оқытушысы,топ жетекші Мереева К.С. Іс-шараның мақсаты студенттерге мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні,...

9 ақпан 2023

«Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары  педагогикалық колледжінде 09.02.2023ж. «Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында топ жетекшілері Н.Б.Куянбаев, М. А. Курмановтың ұйымдастыруымен ДТБ-22-2, ДТБ-22-3 топтары, 1 курс оқушылары арасында спорттық эстафета жарысы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды спортпен шұғылдануға тарта отырып белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жастардың бойында ұйымшылдық, жолдастық сезім, әділдік  қасиеттерін  қалыптастыру, денсаулықтарын нығайту.   ...

29 желтоқсан 2022

"Оқыту мен оқудағы АКТ" тақырыбындағы семинар өткізілді

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК мен Ақтау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы арасындағы білім беру саласында кадрлар даярлау бағытында шефтік туралы МЕМОРАНДУМ аясында колледж оқытушыларына шеберлік орталығы "Оқыту мен оқудағы АКТ" тақырыбында семинар өткізді.  ...

27 желтоқсан 2022

«Үздік жас маман - 2022» колледжішілік байқауы

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 2022 жылдың желтоқсан айының 21 мен 26-ы аралығында «Үздік жас маман - 2022» колледжішілік байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға колледждің жас мамандары мен жұмысқа биылғы оқу жылында қабылданған оқытушылар қатысты. Байқаудың мақсаты: Мамандардың өз пәнінің теориялық негізін жетік меңгергенін, бәсекеге қабілеттілігін және мәртебесін арттыру. Байқаудың міндеті: Колледжіміздің талантты және шығармашыл жас...

26 желтоқсан 2022

«Өмірге иә деп айт" тақырыбында тренинг өткізілді

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 19 желтоқсан 2022 жылы студенттер арасында педагог-психологтың ұйымдастыруымен: «Өмірге иә деп айт" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: Зорлық-зомбылықтың алдын –алу, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, бірін-бірі сыйлауға, қол тигізбеуге тәрбиелеу. Жастардың адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал ету.  ...

13 желтоқсан 2022

"Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ" атты "Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті" ПЦК-ның апталығы

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде желтоқсан айының 12-15 күндері аралығында "Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ" атты "Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті" ПЦК-ның апталығы ұйымдастырылып өткізілуде. 12 желтоқсан күні апталықтың ашылуында оқытушылармен танымдық ойындар өткізілді және қазақ, орыс ұлттарының тағамдары тарту етілді.  ...

24 қараша 2022

"Жаңа Қазақстан- Жаңару мен жаңғыру жолы" атты әлеуметтік -эконмикалық пәндер, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі ПЦК-ның апталығы

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 2022 жылдың қараша айының 21-25 күндері аралығында Әлеуметтік -эконмикалық пәндер, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі ПЦК-ның "Жаңа Қазақстан- Жаңару мен жаңғыру жолы" атты апталығы ұйымдастырылып өткізілуде. Апталықтың ашылуында оқытушылармен танымдық ойындар өткізілді және спорттық жаттығулар көрсетілді.  Апталықтың аясында 21 қараша күні тарих пәнінің оқытушысы Ә.Т.Ақкәдірованың "Түркі империясы -...

22 қараша 2022

«Worldskills Aktau-2022»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Worldskills Aktau-2022» өңірлік чемпионатының «Мектепке дейінгі тәрбие» және «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзыреттіліктері бойынша жеңімпаздары, «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенттері Ізтілеуова Айдана мен Хасанова Ақтілек өз компатриоттарымен облыс бойынша бас сарапшылар С.К.Cармалаева, В.С.Калменшеевамен кездесу өткізіліп, чемпионат...

21 қараша 2022

«Сыбайлас жемқорлық және қоғам»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 21.11.2022 жылы «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» тақырыбында 3 курс студенттерімен топ жетекшісі О.Ж.Керееваның ұйымдастыруымен дәріс өткізілді. Мақсаты: Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың мемлекет қауіпсіздігіне жүйелі қауіп төндіріп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына әсер етуші факторға айналып отырғаны айтылып, мысалдар...

18 қараша 2022

«Өмірге қол жеткіз!» тақырыбында семинар-тренинг

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 18.11.2022 жылы «Өмірге қол жеткіз!» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: Жастарға өмірдің мәні мен маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттер арқылы өмір сүруге позитивті көзқарасын қалыптастыру. Семинар-тренинг барысында студенттер жағымды әсерде болды. Олар өз бойындағы қасиеттерін нығайтып, жақсы көңіл-күйде жұмыстанды. Семинар- тренинг барысында жасөспірім...

17 қараша 2022

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-курс студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

2022 жылдың қараша айының 17-і күні Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-курс студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Облыстық олимпиадаға 15 студент қатысты. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: 1-кезеңде студенттер ұсынылған тақырыптардың бірін таңдай отырып, эссе жазса, 2-кезеңде жазбаша тапсырмалар орындады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы...

16 қараша 2022

ЖИТС туралы не білеміз?» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 16.11. 2022 жылы студенттермен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған:«Теңдік уақыты!» ұранымен «ЖИТС туралы не білеміз?» тақырыбында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» маманы шақырылып, кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: ЖИТС ауруы туралы оқушылардың білімдерін молайтып, түсініктерін кеңейту, осы дерттен сақтану жолдарынан кең көлемді мәлімет беру, ауруға қарсы күрес шараларымен таныстыру...

16 қараша 2022

«Бақытты ана - бақытты бала- бақытты ел»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 16.11.2022 жылы «Бақытты ана - бақытты бала- бақытты ел» тақырыбында ата-аналар мен студенттер арасында тренинг өткізілді. Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, балаға ата-ананың сүйіспеншілігін, мейірімділігін, махаббат сезімдерін ояту. Баланың бойында ата - анасына деген кұрмет, ізгі ойлар қалыптастыру.  ...

15 қараша 2022

«Жұмыс беруші күні» аясында колледждің серіктес мекемелерінің қатысуымен «Сапалы кәсіби білім беру – әлеуметтік серіктестіктің нәтижесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 2022 жылдың 15 қарашасында «Жұмыс беруші күні» аясында колледждің серіктес мекемелерінің қатысуымен «Сапалы кәсіби білім беру – әлеуметтік серіктестіктің нәтижесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара байланысты нығайту. Семинарға Маңғыстау облысының білім...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері