Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Жаңалықтар

0

ХАБАРЛАМА бос және уақытша бос лауазымдарға

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz 15.08.2023ж. бос және уақытша бос директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары және пән оқытушылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі  кәсіптік білім беру болып табылады.

1. «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасарының уақытша бос лауазымы. (А1-2-1лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақысы педагогикалық еңбек өтіліне байланысты айына 192189 теңгеден 233600 теңгеге дейін.

  Функционалдық міндеттері:

ü  Білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін іске асыруды, оны ресурстық қамтамасыз етуді, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды ұйымдастырады;

ü  Оқу жылына оқу-тәрбие процесін ақпараттандыруды дамыту бойынша жұмыс жоспарын әзірлейді;

ü  Оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады;

ü  Білім беру және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады;

ü  Тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады;

ü  Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогикалық және басқару кадрларын оқытуды ұйымдастырады;

ü  Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды;

ü  Педагогтер мен білім алушылар арасында ақпараттандыру бойынша конкурстар, конференциялар өткізуді ұйымдастырады;

ü  Оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру, қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

ü  Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

ü  Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен нұсқаулықтарға сәйкес белгіленген есептік құжаттаманы уақтылы жасауды қамтамасыз етеді;

ü  Білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, кәсіптік қайта даярлығы бар; немесе білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.

Білу керек: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекс, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын; білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, ақпараттандыру бойынша, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерін;педагогикалық этиканың негізгі нормаларын; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістері, экономика негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын.

2. «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК бос және уақытша бос педагогтер лауазымы  (В1-4 лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақысы педагогикалық еңбек өтіліне байланысты айына 155733 теңгеден 187942 теңгеге дейін.

Бос және уақытша бос лауазымдар атауы:

1)  Информатика пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ және орыс ) – 2 жүктеме, уақытша бос орын;

2) Орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысы (оқыту тілі: орыс ) – 2 жүктеме, бос орын;

3) Бастауыш білім беру оқытушысы (оқыту тілі: орыс ) – 1жүктеме, уақытша бос орын;

4) Дене тәрбиесі пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ және орыс  ) – 2 жүктеме, уақытша бос орын; 

5) Ағылшын тілі пәні оқытушысы (оқыту тілі: орыс ) – 2 жүктеме, уақытша бос орын;

6) Логопедия пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ) – 1жүктеме, бос орын;

7) Тарих пәні оқытушысы (оқыту тілі: орыс ) – 1жүктеме, уақытша бос орын.

8) Математика және физика пәні оқытушысы (оқыту тілі: орыс ) – 1жүктеме, бос орын.

9) Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ ) – 1 жүктеме, бос орын; 

 Оқытушының функционалдық міндеттері:

ü  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

ü  жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

ü  оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

ü  білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

ü  оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

ü  білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

ü  жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

ü  білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; педагогикалық этиканың негізгі нормаларын; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

 

Конкурсты өткізу орны: Ақтау  қаласы, 2 ш/а,  57 ғимарат. Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары туралы» № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес өтеді.


      Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы№ 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

    10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

    11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

    12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

    13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

    Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады

 

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қаласы,  2 шағын ауданы, 57  ғимарат, 213 кабинет, телефон:  8 (7292) 507259 (118).

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 





25 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

ШБ-17-1 тобының студенті Танатарова Қымбат «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Таңатарова Қымбат озат студенттің бірі, сонымен қатар үнемі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, биік белестерден көрініп жүрген студентіміз. Атап айтсақ, Интеллект-2018 Ақтау қалалық зияткерлік сайысынан I орын, Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерей тойына орай өткен облыстық...

24 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде ағымдағы жылдың 17- 23 қараша аралығында студенттер, ата-аналар және педагогтардың белсенді қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әулетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат -оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі», «Жүрекке жылулық сыйлайық!», «В единстве – наша сила» тақырыптарында тәрбие сағаттары,...

22 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

2020 жылдың 17-20 қараша күндері Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы ақыны және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Жастық жалын жанғанда, жас жүрек жанатын уақыт келді» облыстық сырттай эсселер байқауы өтті. Мақсаты: Абай Құнанбаевтың бай көркем мұрасында көрініс тапқан педагогикалық және философиялық идеяларын насихаттау үшін техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың 1-2 курс студенттерінің...

19 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

18.11.2020 күні «Жаңа технологияны қолдану – білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы» тақырыбында біліктілік арттыру курстарынан өткен оқытушылар бірлестігінің ұйымдастыруымен семинар-практикум өткізілді. Cеминар-практикум төмендегі бағыттар бойынша қарастырылды: Ø Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері (А.А.Аймуханова, Б.С.Мырзагалиева, Н.Б. Куянбаяв); Ø ТжКБ ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын басқару (С.К.Сармалаева,...

18 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында қашықтықтан «Білім алушылардың оқу дағдыларын дамытудың заманауи цифрлық ресурстары» атты облыстық буктрейлер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркем және танымдық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға арналған цифрлық ресурстарды құру үшін педагогтердің ақпараттық-медиа құзіреттілігін дамыту. Осы сайыста қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нурдаулетова Ақжарқын Нұрболатқызы III орын иегері...

17 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Халықаралық студенттер күніне орай колледжімізде «СТУДЕНТТІК, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» атты мерекелік концерт өтті. Ковидке қарсы санитарлық талаптарды сақтай отырып, шектеулі адамдармен өткізілген бұл шара инстаграм желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Колледждің қалған студенттері мен оқытушылары осы желі арқылы тамашалады. Концерт барысында мерекенің шығу тарихы туралы мәлімет беріліп, студенттік әзілдер мен әндер айтылып, күй тартылды, өлең оқылды. Мереке қарсаңында өткен «Біз таланттарды...

13 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

13.11.2020 күні «Қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтарды дайындаудың ерекшеліктері»тақырыбында директордың оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.А.Калиева ZOOM платформасында оқытушыларға арналған семинар-практикум өткізді. Семинар-практикумда Bandicam, Camtasia Studio бағдарламаларында бейне сабақ түсірудің жолдарын көрсете отырып, тәжірибе бөлісті. Семинар-практикум соңында Telegram каналында кері байланыс орнатылып, оқытушылар өз пікірін білдірді. Сонымен қатар әдіскер...

1 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

2020 жылы 14.10. – 23.10. аралығында Маңғыстау облысының білім басқармасы ұйымдастыруымен аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жұмысшы мамандығының құзіреттілігін көтеру, техникалық, оның ішінде жұмысшы кәсіптеріне жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Worldskills Kazakstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі өтті. Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері «Мектепке дейінгі тәрбие»,...

19 қазан 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

...

16 қазан 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

...

7 қазан 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Мұғалімдер күні қарсаңында төмендегі оқытушылар марапатталды: ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен А.С.Елдашбаева; ҚР Білім және ғылым министрінің Алғысымен О.Ж.Кереева; Маңғыстау облысы әкімінің Алғысымен К.Б.Тенизбаева; Маңғыстау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен В.В.Макарова, А.Б.Жанабаева және де Алғысымен Н.Б.Куянбаев, А.М.Жапаева. Әріптестер, марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!  ...

1 қазан 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі ұжымы ардагер ұстаздарды техникалық және кәсіптік білім беру саласының 80 жылдық мерей тойымен және ұстаздар күнімен құттықтауды ұмытқан жоқ. Пәндік циклдік комиссия мүшелері өз циклі бойынша зейнетке шыққан ардагер ұстаздардың үйлеріне барып, гүл шоқтары мен алғыс жазылған ашық хат ұсынды. Ұстаздардың жылы лебізі мен құттықтауларын тыңдап қайтты. Колледждің бүгінгі бағындырған биігі мен шыққан шыңы көп жылдар аянбай еңбек еткен...

25 тамыз 2020

Құрметті талапкерлер

Құрметті  талапкерлер! 0103000-«Дене  тәрбиесі  және спорт» мамандығының  010302 3-«Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігіне тапсырған талапкерлер СПОРТ жетістіктеріңізді  MGK2020-2021@mail.ru  поштаға жіберіңіздер!  25.08.2020 жылы соңғы күн.    ...

17 тамыз 2020

Колледжге қабылдау ережесіне қосымша

...

13 тамыз 2020

Қабылдау ережесіне қосымша

...

21 шілде 2020

Талапкерлерге

...

22 маусым 2020

Қабылдау ережесі

...

21 мамыр 2020

Профориентация

  ...

14 мамыр 2020

Маңғыстау гуманитарлық колледжі, талапкерлерге кәсіптік бағдар

...

14 мамыр 2020

iMektep. Ермексазбен жұмыс жасау

...

17 маусым 2019

ОБЛАСТНОЙ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ

...

6 маусым 2019

WorldSkills демонстрациялық емтихан: мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгісі

WorldSkills демонстрациялық емтихан: мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгісі   2019ж. 04 маусымда Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде үш мамандық бойынша демонстрациялық емтихан  басталды: 1. «Мектепке дейінгі тәрбие» (Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі) 2. «Дене шынықтыру және спорт» (Дене шынықтыру пәні мұғалімі) 3. «Бастауыш сыныптарда оқыту» (Бастауыш білім беру мұғалімі, Шетел тілі пәнінен бастауыш білім беру...

29 желтоқсан 2018

Онлайн конференция

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы  атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК  01.11.2018 жылы РФ Коми Республикасында мектепке дейінгі білім берудің 100 жылдығына арналған «Балалық шақтағы ойын және ойыншық: тарих және қазіргі заман» тақырыбында И.А.Куратов атындағы «Сыктывкар гуманитарлық-педагогикалық колледжі» ұйымдастырған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.  Колледж директоры Утебаев Мазилбек Нурбосынович конференция қатысушыларына құттықтау сөзімен шықты. Секция жұмысына...

28 желтоқсан 2018

«Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқауы

11.12.2018 жылы Мұрын  жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқау өтті. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау; студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру. Байқау тапсырмаларына «Бастауыш мектепте оқыту» мамандығы бойынша 3, 4 курс студенттері қатысты. Қатысушылар төрт модуль бойынша жарысты:  1 Модуль: Жалпы мәдени дамыту.  Виртуалды саяхатқа дайындық жүргізу және...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері