Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Жаңалықтар

0

Хабарландыру!

     

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz әдіскер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК әдіскер бос лауазымы (В1-5 лауазымдық санаты) Лауазымдық  жалақы педагогикалық еңбек өтіліне қарай штаттық кестеге сәйкес төленеді.

Әдіскер лауазымының функционалдық міндеттері:

білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және талдайды;

озық педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау және енгізу бойынша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссияларының, кафедраларының жұмысын үйлестіреді;

оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау жұмыс құжаттамасын жасауға қатысады;

білім беру ұйымдарының әдістемелік, пәндік және циклдік комиссиялары, кафедралары төрағаларының (меңгерушілерінің) жұмысын басқарады және үйлестіреді;

педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады;

озық педагогикалық тәжірибені анықтайды және жинақтайды, оқытудың инновациялық-дамытушы элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибесін практикаға енгізеді, педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі;

білім беру процесі мен әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын, конференцияларды, семинарларды дайындауға және өткізуге қатысады;

ашық сабақтар өткізуді және оларды талқылауды ұйымдастырады;

әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді;

белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.

 

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"заңдары;

білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;

педагогикалық этиканың нормалары;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 6 жыл; педагог-шебер үшін – 7 жыл.

 

Конкурсты өткізу орны:

Ақтау  қаласы, 2 ш/а, 57 ғимарат, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы  № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. 

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап  7  жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 

 





15 қараша 2022

«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 16.11.2022 жылы «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата-аналарды жасөспірімдердің құқықтық жауапкершіліктерімен таныстыру. Адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсініктерін кеңейту. Ата-аналарға сенімділікпен қарым-қатынас орнату бағыттары, ата-аналардың құқықтары және жауапкершіліктері айтылды. Жағымсыз әсерге, әдеттерге...

3 қараша 2022

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі  ...

27 шілде 2022

Қазақ тілін оқуға арналған порталдар:

«Tilqural.kz» - қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис. ___________________________________________________ Сайтта қазақ тілін білмейтін ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар. Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің бірі). Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде...

4 шілде 2022

Мемлекеттік емтихан Worldskills чемпионаты шеңберінде

Демонстрациялық емтихан тапсыру барысында студенттер өздерінің теориялық алған білімдерін практика жүзінде дәлелдей алды. ҰОҚ-нің жоспарын жазуды толық меңгергендіктерін көрсетті. Еріктілер тобымен сабақты жүргізу барысында болашақ тәрбиешілердің шеберліктері әр қырынан көрініс тапты. Кіріктірілген сабақты көрсету барысында білім беру салаларын бір-бірімен шебер  ұштастыра білді. Сабақтың тақырыбына сәйкес дидактикалық ойындарды таңдай отырып, қажетті материалдарды эстетикалық талғаммен...
: http://kollej.edu.kz/kz/collges_news/zhanalyktar?title=record_63378

21 тамыз 2021

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

Конкурс нәтижелері  ...

1 шілде 2021

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

01140500-Дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша шығармашылық емтихан кестесі  ...

8 маусым 2021

Талапкер

...

19 мамыр 2021

Жаднама

Жаднама  ...

17 ақпан 2021

Назар аударыңыздар!

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасының аясында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, адалдық, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2021 жылы 17 ақпан күні сағат 11.00-12.00 аралығында колледжде «Адал бол – адам бол!» квест ойыны өткізіледі.  ...

25 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

ШБ-17-1 тобының студенті Танатарова Қымбат «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Таңатарова Қымбат озат студенттің бірі, сонымен қатар үнемі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, биік белестерден көрініп жүрген студентіміз. Атап айтсақ, Интеллект-2018 Ақтау қалалық зияткерлік сайысынан I орын, Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерей тойына орай өткен облыстық...

24 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде ағымдағы жылдың 17- 23 қараша аралығында студенттер, ата-аналар және педагогтардың белсенді қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әулетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат -оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі», «Жүрекке жылулық сыйлайық!», «В единстве – наша сила» тақырыптарында тәрбие сағаттары,...

22 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

2020 жылдың 17-20 қараша күндері Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы ақыны және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Жастық жалын жанғанда, жас жүрек жанатын уақыт келді» облыстық сырттай эсселер байқауы өтті. Мақсаты: Абай Құнанбаевтың бай көркем мұрасында көрініс тапқан педагогикалық және философиялық идеяларын насихаттау үшін техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың 1-2 курс студенттерінің...

19 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

18.11.2020 күні «Жаңа технологияны қолдану – білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы» тақырыбында біліктілік арттыру курстарынан өткен оқытушылар бірлестігінің ұйымдастыруымен семинар-практикум өткізілді. Cеминар-практикум төмендегі бағыттар бойынша қарастырылды: Ø Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері (А.А.Аймуханова, Б.С.Мырзагалиева, Н.Б. Куянбаяв); Ø ТжКБ ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын басқару (С.К.Сармалаева,...

18 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында қашықтықтан «Білім алушылардың оқу дағдыларын дамытудың заманауи цифрлық ресурстары» атты облыстық буктрейлер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркем және танымдық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға арналған цифрлық ресурстарды құру үшін педагогтердің ақпараттық-медиа құзіреттілігін дамыту. Осы сайыста қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нурдаулетова Ақжарқын Нұрболатқызы III орын иегері...

17 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Халықаралық студенттер күніне орай колледжімізде «СТУДЕНТТІК, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» атты мерекелік концерт өтті. Ковидке қарсы санитарлық талаптарды сақтай отырып, шектеулі адамдармен өткізілген бұл шара инстаграм желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Колледждің қалған студенттері мен оқытушылары осы желі арқылы тамашалады. Концерт барысында мерекенің шығу тарихы туралы мәлімет беріліп, студенттік әзілдер мен әндер айтылып, күй тартылды, өлең оқылды. Мереке қарсаңында өткен «Біз таланттарды...

13 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

13.11.2020 күні «Қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтарды дайындаудың ерекшеліктері»тақырыбында директордың оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.А.Калиева ZOOM платформасында оқытушыларға арналған семинар-практикум өткізді. Семинар-практикумда Bandicam, Camtasia Studio бағдарламаларында бейне сабақ түсірудің жолдарын көрсете отырып, тәжірибе бөлісті. Семинар-практикум соңында Telegram каналында кері байланыс орнатылып, оқытушылар өз пікірін білдірді. Сонымен қатар әдіскер...

1 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

2020 жылы 14.10. – 23.10. аралығында Маңғыстау облысының білім басқармасы ұйымдастыруымен аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жұмысшы мамандығының құзіреттілігін көтеру, техникалық, оның ішінде жұмысшы кәсіптеріне жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Worldskills Kazakstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі өтті. Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері «Мектепке дейінгі тәрбие»,...

19 қазан 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

...

16 қазан 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

...

7 қазан 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Мұғалімдер күні қарсаңында төмендегі оқытушылар марапатталды: ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен А.С.Елдашбаева; ҚР Білім және ғылым министрінің Алғысымен О.Ж.Кереева; Маңғыстау облысы әкімінің Алғысымен К.Б.Тенизбаева; Маңғыстау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен В.В.Макарова, А.Б.Жанабаева және де Алғысымен Н.Б.Куянбаев, А.М.Жапаева. Әріптестер, марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!  ...

1 қазан 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі ұжымы ардагер ұстаздарды техникалық және кәсіптік білім беру саласының 80 жылдық мерей тойымен және ұстаздар күнімен құттықтауды ұмытқан жоқ. Пәндік циклдік комиссия мүшелері өз циклі бойынша зейнетке шыққан ардагер ұстаздардың үйлеріне барып, гүл шоқтары мен алғыс жазылған ашық хат ұсынды. Ұстаздардың жылы лебізі мен құттықтауларын тыңдап қайтты. Колледждің бүгінгі бағындырған биігі мен шыққан шыңы көп жылдар аянбай еңбек еткен...

25 тамыз 2020

Құрметті талапкерлер

Құрметті  талапкерлер! 0103000-«Дене  тәрбиесі  және спорт» мамандығының  010302 3-«Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігіне тапсырған талапкерлер СПОРТ жетістіктеріңізді  MGK2020-2021@mail.ru  поштаға жіберіңіздер!  25.08.2020 жылы соңғы күн.    ...

17 тамыз 2020

Колледжге қабылдау ережесіне қосымша

...

13 тамыз 2020

Қабылдау ережесіне қосымша

...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері