0
Хабарландыру!
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК, Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz педагог-психолог бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады.
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК педагог-психолог бос лауазымы (В3-1 лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақы педагогикалық еңбек өтіліне қарай штаттық кестеге сәйкес төленеді.
Педагог-психолог лауазымының функционалдық міндеттері:
● білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және сақтауға, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
● білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді;
● білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өтініштері кезінде психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;
● білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып түзету-дамыту бағдарламаларын жоспарлауға қатысады және әзірлейді;
● білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді;
● әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық);
● білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
● білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
● білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтарға, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек көрсетеді және әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді;
● білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, Бала құқықтары туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі
● еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды;
● педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында психологиялық қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;
● белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді және оны мақсаты бойынша пайдаланады, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
● педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;
● баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
● білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;
● кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;
● білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;
● жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін ажыратады;
● білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;
● жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;
● білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;
● білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 1 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 2 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл; педагог-шебер үшін – 4 жыл.
Конкурсты өткізу орны:
Ақтау қаласы, 2 ш/а, 57 ғимарат, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
21 шілде 2020
Талапкерлерге
...22 маусым 2020
Қабылдау ережесі
...21 мамыр 2020
Профориентация
...14 мамыр 2020
Маңғыстау гуманитарлық колледжі, талапкерлерге кәсіптік бағдар
...14 мамыр 2020
iMektep. Ермексазбен жұмыс жасау
...17 маусым 2019
ОБЛАСТНОЙ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ
...6 маусым 2019
WorldSkills демонстрациялық емтихан: мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгісі
WorldSkills демонстрациялық емтихан: мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгісі 2019ж. 04 маусымда Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде үш мамандық бойынша демонстрациялық емтихан басталды: 1. «Мектепке дейінгі тәрбие» (Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі) 2. «Дене шынықтыру және спорт» (Дене шынықтыру пәні мұғалімі) 3. «Бастауыш сыныптарда оқыту» (Бастауыш білім беру мұғалімі, Шетел тілі пәнінен бастауыш білім беру...29 желтоқсан 2018
Онлайн конференция
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК 01.11.2018 жылы РФ Коми Республикасында мектепке дейінгі білім берудің 100 жылдығына арналған «Балалық шақтағы ойын және ойыншық: тарих және қазіргі заман» тақырыбында И.А.Куратов атындағы «Сыктывкар гуманитарлық-педагогикалық колледжі» ұйымдастырған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Колледж директоры Утебаев Мазилбек Нурбосынович конференция қатысушыларына құттықтау сөзімен шықты. Секция жұмысына...28 желтоқсан 2018
«Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқауы
11.12.2018 жылы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқау өтті. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау; студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру. Байқау тапсырмаларына «Бастауыш мектепте оқыту» мамандығы бойынша 3, 4 курс студенттері қатысты. Қатысушылар төрт модуль бойынша жарысты: 1 Модуль: Жалпы мәдени дамыту. Виртуалды саяхатқа дайындық жүргізу және...7 қазан 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Коллдеж жаңалықтары №5. ...3 қазан 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
"Ашық бюджет" ...3 қазан 2018
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
"Ашық бюджет" ...30 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Коллдеж жаңалықтары №4. ...23 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Коллдеж жаңалықтары №3. ...16 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
МГК жаңалықтары ...9 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
МГК жаңалықтары ...31 шілде 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Стратегиялық даму жоспары ...22 маусым 2018
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі
...27 мамыр 2018
Ақтау қаласының 2 шағын аудан тұрғындарының назарына!
Ақтау қаласының 2 шағын аудан тұрғындарының назарына! «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК - да «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясынды 01 маусым мен 31 тамыз аралығында халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында курс ұйымдастырылады. Курс өткізу тегін. Курстың өткізілетін орны: 2 шағын аудан, 57 ғимарат, 200 кабинет. Өтетін уақыты: Дүйсенбі - жұма, сағат 1000 - 1200, 1500 - 1700. Курс өткізуші: Елдашбаева А.С. Байланыс телефоны: 8 -...30 маусым 2017
Сегіз қырлы – бір сырлы
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, ұстаз біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі студенттермен қарым-қатынаста болып, жақсы маман болып шықсам деген сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі оның қарапайым да сыпайы...19 сәуір 2017
Игілікті іс
Игілікті іс ...0
...


















