0
Сегіз қырлы – бір сырлы
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, ұстаз біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі студенттермен қарым-қатынаста болып, жақсы маман болып шықсам деген сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі студентке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, жан-жақты, салауатты өмір салтын сақтайды. Осыған дәлел ретінде Маңғыстау гуманитарлық колледжінде «Үздік ПЦК - 2015» байқауы өтті. Байқауға барлығы 6 пәндік циклдік комиссия қатысты.
Байқаудың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін пәндік циклдік комиссия мүшелерінің мәртебесін көтеру, ізденісін шыңдау, кәсіби рейтингті анықтау және ең тапқыр да үздік ПЦК-ны анықтау.
Байқаудың міндеттері:
- Білім беру жүйесіндегі пәндік циклдік комиссия мүшелерінің әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін көпшілік алдында таныту;
- шығармашыл оқытушыларды қолдау және марапаттау, олардың құзыреттілігін арттыру;
- үздік пәндік циклдік комиссия мүшелерінің білім беру жүйесіндегі іс-тәжірибесін тарату;
- «жаңашыл ұстаздардың» инновациялық даярлықтарын қалыптастыру;
- ұстаздарды бірлесіп шығармашылықпен жұмыс істеуге, ізденіп жұмыс жасауға бағыттау, топпен жұмыс жасауға ынталандыру;
- ұстаздық шеберлікті шыңдау;
- озат инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: сайысқа ПЦК-ның барлық мүшелері міндетті түрде қатысуы тиіс.
Сайыс кезеңдері:
1.«Визиттік карточка» (таныстыру)
2. «Колледж жағдайындағы пәндік циклдік комиссия мүшелері қызметінің моделі»
(пәндік циклдік комиссия мүшелерінің жұмыс әрекетін нәтижесі негізінде презентация жобасын қорғау, байқауға қатысушылар репортаж, суреттеу, қысқаметражды бейнефильм, мультимедиалық жобалар арқылы өз ПЦК мүшелерінің атқарған қызметін таныстыруы қажет,3-5 мин) (оқу бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешен, электронды портфолио, оқу-әдістемелік құралдар, портфолио)
3. «Заман талабына сай пәндік циклдік комиссия жетекшісі қандай болу керек?» (пәндік циклдік комиссия жетекшілері эссе жазу, қорғауы тиіс)
4.Өнер сайысы (өз өнерлерін көрсету)
5.Спорт сайысы (мылтық ату 3 адамнан 3 рет)
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, номинациялар берілді:
1. Жоғары ұпай көрсеткен жаратылыстану-математика және информатика пәндері циклдік комиссиясы ерекше нәтиже көрсеткені үшін «Үздік ПЦК» атағына ие болды.
2. Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі циклдік комиссиясы «Шығармашыл ПЦК» номинациясымен;
3. Қазақ және орыс тілі мен әдебиеті циклдік комиссиясы «Жаңашыл ПЦК» номинациясымен;
4. Ағылшын тілінен арнайы пәндер циклдік комиссиясы «Ынтымақты ПЦК» номинациясымен;
5. Әлеуметтік-экономикалық пәндер циклдік комиссиясы «Өнерлі ПЦК» номинациясымен;
6. Бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндік циклдік комиссиясы «Спортшы ПЦК» номинациясымен.
Колледж әкімшілігі оқытушыларды кәсіби икемділік, ұтқырлық пен сан қырлы шығармашылық қызметіне алғыс айта отырып, жеңістерімен құттықтайды.
Колледж әдіскері А.П.Козыбакова
4 маусым 2025
2025 жылы 4 маусым күні
2025 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай мемлекеттік гимнін орындады. Шара барысында колледж ұжымы мен студенттер мемлекеттік гимнін бірлесе орындап, елге деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін білдірді. Колледж басшысы Өмірбекова Бақтыгүл Сүйінбайқызы Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны екенін атап өтті. Тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақ, болашағы жарқын болғай! ...4 маусым 2025
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер елдің егемендігі мен тәуелсіздігінің нышандары. Олар халықтың ұлттық бірлігін, тарихи сабақтастығын, елге деген сүйіспеншілігі мен патриотизмін білдіреді. Колледждімізде 1-2 курс студенттері арасында, топ жетекшілері А. Джаксыбаева, А. Кожакова, А. Габдуллинаның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!» тақырыбында тәрбие...1 маусым 2025
1 маусым - Балаларды қорғау күні
30.05.2025 жылы 1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналып колледж ұжымы балаларымен «Бар мейірім балаларға!» тақырыбында 1 курс ҚБ-24-2 тобы студенттері, жетекшісі В. Калменшиева мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты: Балалар мен ата-аналарды 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, барша балаларға бақытты балалық шақ, ашық аспан, сыңғырлаған күлкі сыйлау. Шара барысында балалармен ән салып, би билеу, түрлі ойындар және асфальтта сурет салу, аниматорлармен...26 мамыр 2025
Қазақтың ғалым қызы Мағрипа Жылқыбаева
Қазақтың ғалым қызы Мағрипа Жылқыбаева Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның ғылыми мұрасын ұрпақ жадында қалдыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Л.Домбаева колледж кітапханасында ББ-23-2 тобының студенттерімен «Жамбылдың жұмбақ әлемі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқытушы шара барысында Мағрипа Жылқыбаеваның қазақ әдебиетін шыңға көтерген ақын, жырау Жамбыл...24 мамыр 2025
24-мамыр күні колледж ұжымы таза ауада көңілді тимбилдинг өткізді.
24-мамыр күні колледж ұжымы таза ауада көңілді тимбилдинг өткізді. Тимбилдинг - бұл ұжымды біріктіруге бағытталған корпоративтік іс-шара. Ортақ мақсаттарға жету үшін бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытатын командалық ойындар мен тренингтер. Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға, ұжымдағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. ...16 мамыр 2025
2025 жылдың 17 мамыр күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының І-ІІ курс студенттерінің жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізілді
2025 жылдың 17 мамыр күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының І-ІІ курс студенттерінің жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды: I орын-(Химия пәні); II орын- (Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, Ағылшын тілі пәндерінен); III орын - (География, Биология,...14 мамыр 2025
«Дін және рухани тәрбие»
2025 жылдың 14 мамырында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жол картасы шеңберінде «Дін және рухани тәрбие» тақырыбында Ақтау қаласы әкімдігі, қоғамдық даму орталығы КММ, дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау бөлімінің жетекшісі Нұрлан Газимов ақпараттық түсіндіру жұмысын өткізді. Шара барысында Н.Газимов қазіргі қоғамдағы мәселелерден мысалдар алып,бейне жазбалардан үзінділер көрсету арқылы сақтану жолдары мен тигізер кері әсерін атап, экстремизмнің алдын-алу бағыттары...12 мамыр 2025
English is Everywhere!"
Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың мамыр айының 12-і мен 17-і аралығында «Функционалдық сауаттылық - инновациялық ойлау мен кәсіби құзыреттіліктерді ұштастыра отырып, жаһандық бәсекеге білім алушылардың қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы Ағылшын тілінен арнайы пәндер циклдік комиссиясының апталығы ұйымдастырылуда. Апталықтың ашылуы "English is Everywhere!" тақырыбында қызықты және көңілді...12 мамыр 2025
«Функционалдық сауаттылық - инновациялық ойлау мен кәсіби құзыреттіліктерді ұштастыра отырып, жаһандық бәсекеге білім алушылардың қабілеттілігін дамыту»
Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың мамыр айының 12-і мен 17-і аралығында «Функционалдық сауаттылық - инновациялық ойлау мен кәсіби құзыреттіліктерді ұштастыра отырып, жаһандық бәсекеге білім алушылардың қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы Ағылшын тілінен арнайы пәндер циклдік комиссиясының апталығы ұйымдастырылуда. Апталық аясында бірнеше ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар және Көңілді қоңырау...8 мамыр 2025
«Батырлардың еңбегі ақталған күн»
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай студенттерді өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 08.05.2025 жылы топ жетекші Х. Мусрепова 1 курс, ЛБ -24-1 тобының студенттерімен «Батырлардың еңбегі ақталған күн» тақырыбында тәрбие сағатын...6 мамыр 2025
«Бауыржан Момышұлы - Мәңгі өшпес із қалдырған Ұлы тұлға»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сынып мұғалімі » мамандығы бойынша білім алып жатырған 2,3 курс студенттері арасында топ жетекшілері Г.Жаймағанбетова, А.Кожакова «Бауыржан Момышұлы - Мәңгі өшпес із қалдырған Ұлы тұлға» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Студенттерге Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақ батыры Б. Момышұлының өмірі мен...25 сәуір 2025
«Сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы жауаптылықты қатаңдатудың қажеттілігі»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы жауаптылықты қатаңдатудың қажеттілігі» тақырыбында 2, 3 курс студенттерінің қатысуымен дебат ойыны өткізілді. Мақсаты: жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар ету, жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой – пікірлерін жеткізе біліп,...22 сәуір 2025
«Еңбек Кубогы» республикалық спартакиадасында волейболдан Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің қыздар командасы 1 орын алды
14-19.04.2025 ж. Түркістан қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық, және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Еңбек Кубогы» республикалық спартакиадасында волейболдан Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің қыздар командасы 1 орын алды және Маңғыстау облысы жалпы есеп бойынша 3 орын ие болды. ...18 сәуір 2025
Колледж басшылары мекемелер арасындағы меморандумға қол қойды.
2025 жылғы 17 сәуірде Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК басшысы Өмірбекова Бақтыгул Сүйінбайқызы және басшының орынбасары Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна Қызылорда облысының 93 жылдық тарихы бар М. Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжіне іс сапармен барып, колледждің материалдық-техникалық базасымен, ғылыми-әдістемелік жұмыстарымен танысты. Іс сапар барысында колледж басшылары...18 сәуір 2025
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМІ
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі басшысы Өмірбекова Бақтыгул Сүйінбайқызы мен тамыры тереңге жайылған 105 жылдық тарихы бар Жамбыл облысының Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі басшысы Есеев Саясат Керимбекович оқу орындары арасындағы ынтымақтастық келісімге қойды. Келісім аясында білім беру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру және студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту, тиімді инновациялық...16 сәуір 2025
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы «Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МККК басшысы лауазымына 2025 жылдың 14 сәуірінде Өмірбекова Бақтыгүл Сүйінбайқызы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 Бұйрығы негізінде, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы «Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МККК басшысы лауазымына 2025 жылдың 14 сәуірінде Өмірбекова Бақтыгүл Сүйінбайқызы тағайындалды. Бақтыгүл Сүйінбайқызы 1983 жылы 6 қазанда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентінде дүниеге келді. 2004 жыл...14 сәуір 2025
"Үздік қорғаушы" номинациясымен ДТБ-22-1 тобының студенті Берзембай Рысай марапатталынды.
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орай жастар арасында өткен облыстық шағын футбол жарысында Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің командасы II орынға ие болды және "Үздік қорғаушы" номинациясымен ДТБ-22-1 тобының студенті Берзембай Рысай марапатталынды. Жаттықтырушысы: Н.А.Бисенбаев. Құттықтаймыз!!! ...13 сәуір 2025
"Білім беруде AR технологияларын қолдану" тақырыбында жасанды интеллект сервистері арқылы голограмманың жасалу жолдары көрсетілді.
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде педагогтердің IT құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.А.Калиева, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары А.Е.Кошерова және информатика пәнінің оқытушылары бірігіп "Жасанды интеллект сервистерін сабақ барысында қолдану" практикумын қазан-мамыр айларына жоспарлап өткізуде. Бүгін, 11 сәуір күні "Білім...11 сәуір 2025
«Болашақ ұстаз: кәсіби даму және шығармашылық ізденіс» тақырыбында аймақтық семинар-практикум өткізілді.
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» және Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі арасындағы меморандум аясында 2025 жылдың 10-шы сәуір күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі базасында «Болашақ ұстаз: кәсіби даму және шығармашылық ізденіс» тақырыбында аймақтық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, әлеуметтік...10 сәуір 2025
Басқармадан құрылған сарапшылар педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санатына тапсыратын оқытушылардың сабақтарына қатысып, соңында талдау жасалынды.
2025 жылдың 07- ші сәуір күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде басқармадан құрылған сарапшылар педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санатына тапсыратын оқытушылардың сабақтарына қатысып, соңында талдау жасалынды. Барлық сабақтың жоспары талапқа сай жасақталып, жоғары дәрежеде өткізілді. ...29 наурыз 2025
Колледж студенттерінің спартакиадасы аясында Ұлттық спорт лигасының облыстық жарысы
Колледж студенттерінің спартакиадасы аясында Ұлттық спорт лигасының облыстық жарысында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің командалары келесі орындарға ие болды: 1. Үстел теннисі бойынша- I орын (Жетекшісі: Ескалиев Ж.Ж.); 2. Тоғызқұмалақ бойынша - I орын (Жетекшісі: Жапаева А.М.); 3. Волейбол бойынша қыздар арасынан I орын (Жетекшісі: Нурханов Е.К.); 4. Волейбол бойынша ұлдар арасында I орын (Жетекшісі: Егизгараев К.К.); 5. Баскетбол бойынша...24 наурыз 2025
Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді.
2025 жылдың наурыз айының 20 күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде ОТБ-24-1 тобы наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты - Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу; Ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыру. Шара барысында студенттер халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеп, ұлттық ойындар ойнатылды. ...21 наурыз 2025
Қош келдің, Әз-Наурыз!
Қош келдің, Әз-Наурыз! 2025 жылдың 20 күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде мерекелік шара өтті. Мақсаты – Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. ...21 наурыз 2025
ББ-24-4 тобы наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді.
2025 жылдың наурыз айының 20 күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде ББ-24-4 тобы наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты - Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру; Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу; Ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыру. Шара барысында студенттер халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеп, ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би биледі. ...