0
ХАБАРЛАМА бос және уақытша бос лауазымдарға
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК, Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz 04.10.2023ж. логопедия мамандығының арнайы пәндер оқытушысы уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады.
1.«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК-на логопедия мамандығының арнайы пәндер оқытушысы уақытша бос лауазымы. (В1-4 лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақысы педагогикалық еңбек өтіліне байланысты айына 155733 теңгеден 171306 теңгеге дейін.
Оқытушының функционалдық міндеттері:
ü мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
ü жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
ü оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
ü білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
ü оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
ü білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ü жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
ü білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; педагогикалық этиканың негізгі нормаларын; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы№ 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:
1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қаласы, 2 шағын ауданы, 57 ғимарат, 213 кабинет, телефон: 8 (7292) 507259 (118).
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
7 қазан 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Коллдеж жаңалықтары №5. ...3 қазан 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
"Ашық бюджет" ...3 қазан 2018
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
"Ашық бюджет" ...30 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Коллдеж жаңалықтары №4. ...23 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Коллдеж жаңалықтары №3. ...16 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
МГК жаңалықтары ...9 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
МГК жаңалықтары ...31 шілде 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Стратегиялық даму жоспары ...22 маусым 2018
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі
...27 мамыр 2018
Ақтау қаласының 2 шағын аудан тұрғындарының назарына!
Ақтау қаласының 2 шағын аудан тұрғындарының назарына! «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК - да «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясынды 01 маусым мен 31 тамыз аралығында халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында курс ұйымдастырылады. Курс өткізу тегін. Курстың өткізілетін орны: 2 шағын аудан, 57 ғимарат, 200 кабинет. Өтетін уақыты: Дүйсенбі - жұма, сағат 1000 - 1200, 1500 - 1700. Курс өткізуші: Елдашбаева А.С. Байланыс телефоны: 8 -...30 маусым 2017
Сегіз қырлы – бір сырлы
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, ұстаз біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі студенттермен қарым-қатынаста болып, жақсы маман болып шықсам деген сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі оның қарапайым да сыпайы...19 сәуір 2017
Игілікті іс
Игілікті іс ...