Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Жаңалықтар

0

Хабарландыру!

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz Бастауыш білім берудің арнайы пәндер оқытушысы (оқыту тілі: орыс) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады.

 

 «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК Бастауыш білім берудің арнайы пәндер оқытушысы (оқыту тілі: орыс) бос лауазымы (В1-4 лауазымдық санаты) Лауазымдық  жалақы педагогикалық еңбек өтіліне қарай штаттық кестеге сәйкес төленеді.

 

Бастауыш білім берудің арнайы пәндер оқытушысының лауазымдық міндеттері:

● мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

● жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

● оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

● білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

● оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

● білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

● жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

● білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

 

Конкурсты өткізу орны:

Ақтау  қаласы, 2 ш/а, 57 ғимарат, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы  № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.  

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап  7  жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

    





21 шілде 2020

Талапкерлерге

...

22 маусым 2020

Қабылдау ережесі

...

21 мамыр 2020

Профориентация

  ...

14 мамыр 2020

Маңғыстау гуманитарлық колледжі, талапкерлерге кәсіптік бағдар

...

14 мамыр 2020

iMektep. Ермексазбен жұмыс жасау

...

17 маусым 2019

ОБЛАСТНОЙ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ

...

6 маусым 2019

WorldSkills демонстрациялық емтихан: мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгісі

WorldSkills демонстрациялық емтихан: мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгісі   2019ж. 04 маусымда Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде үш мамандық бойынша демонстрациялық емтихан  басталды: 1. «Мектепке дейінгі тәрбие» (Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі) 2. «Дене шынықтыру және спорт» (Дене шынықтыру пәні мұғалімі) 3. «Бастауыш сыныптарда оқыту» (Бастауыш білім беру мұғалімі, Шетел тілі пәнінен бастауыш білім беру...

29 желтоқсан 2018

Онлайн конференция

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы  атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК  01.11.2018 жылы РФ Коми Республикасында мектепке дейінгі білім берудің 100 жылдығына арналған «Балалық шақтағы ойын және ойыншық: тарих және қазіргі заман» тақырыбында И.А.Куратов атындағы «Сыктывкар гуманитарлық-педагогикалық колледжі» ұйымдастырған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.  Колледж директоры Утебаев Мазилбек Нурбосынович конференция қатысушыларына құттықтау сөзімен шықты. Секция жұмысына...

28 желтоқсан 2018

«Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқауы

11.12.2018 жылы Мұрын  жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқау өтті. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау; студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру. Байқау тапсырмаларына «Бастауыш мектепте оқыту» мамандығы бойынша 3, 4 курс студенттері қатысты. Қатысушылар төрт модуль бойынша жарысты:  1 Модуль: Жалпы мәдени дамыту.  Виртуалды саяхатқа дайындық жүргізу және...

7 қазан 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Коллдеж жаңалықтары №5.  ...

3 қазан 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

"Ашық бюджет"  ...

3 қазан 2018

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

"Ашық бюджет" ...

30 қыркүйек 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Коллдеж жаңалықтары №4.  ...

23 қыркүйек 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Коллдеж жаңалықтары №3. ...

16 қыркүйек 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

МГК жаңалықтары  ...

9 қыркүйек 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

МГК жаңалықтары ...

31 шілде 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Стратегиялық даму жоспары  ...

22 маусым 2018

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі

...

27 мамыр 2018

Ақтау қаласының 2 шағын аудан тұрғындарының назарына!

Ақтау қаласының 2 шағын аудан тұрғындарының назарына! «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК - да «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясынды 01 маусым мен 31 тамыз аралығында халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында курс ұйымдастырылады. Курс өткізу тегін. Курстың өткізілетін орны: 2 шағын аудан, 57 ғимарат, 200 кабинет. Өтетін уақыты: Дүйсенбі - жұма, сағат 1000 - 1200, 1500 - 1700. Курс өткізуші: Елдашбаева А.С. Байланыс телефоны: 8 -...

30 маусым 2017

Сегіз қырлы – бір сырлы

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық  – ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, ұстаз біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі студенттермен қарым-қатынаста болып, жақсы маман болып шықсам деген сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі оның қарапайым да сыпайы...

19 сәуір 2017

Игілікті іс

Игілікті іс  ...

0

...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері