Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Жаңалықтар

30 маусым 2017

Сегіз қырлы – бір сырлы

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық  – ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, ұстаз біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі студенттермен қарым-қатынаста болып, жақсы маман болып шықсам деген сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі студентке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, жан-жақты, салауатты өмір салтын сақтайды. Осыған дәлел ретінде Маңғыстау гуманитарлық колледжінде  «Үздік ПЦК - 2015» байқауы өтті. Байқауға барлығы 6 пәндік циклдік комиссия қатысты.

Байқаудың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін пәндік циклдік комиссия мүшелерінің мәртебесін көтеру, ізденісін шыңдау, кәсіби рейтингті анықтау және  ең тапқыр да үздік ПЦК-ны анықтау.

Байқаудың міндеттері:

-   Білім беру жүйесіндегі пәндік циклдік комиссия мүшелерінің әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін көпшілік алдында таныту;

-    шығармашыл оқытушыларды қолдау және марапаттау,  олардың құзыреттілігін арттыру;

-   үздік пәндік циклдік комиссия мүшелерінің білім беру жүйесіндегі іс-тәжірибесін тарату;

-   «жаңашыл ұстаздардың» инновациялық  даярлықтарын қалыптастыру;

-   ұстаздарды бірлесіп шығармашылықпен жұмыс істеуге, ізденіп жұмыс жасауға бағыттау, топпен жұмыс жасауға ынталандыру;

-   ұстаздық шеберлікті шыңдау;

-   озат инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: сайысқа ПЦК-ның барлық  мүшелері міндетті түрде қатысуы тиіс.

Сайыс кезеңдері:

1.«Визиттік карточка» (таныстыру)

2. «Колледж жағдайындағы пәндік  циклдік комиссия мүшелері қызметінің моделі»

(пәндік циклдік комиссия мүшелерінің жұмыс әрекетін нәтижесі негізінде презентация жобасын қорғау, байқауға қатысушылар   репортаж, суреттеу, қысқаметражды бейнефильм, мультимедиалық жобалар арқылы өз ПЦК мүшелерінің атқарған қызметін таныстыруы қажет,3-5 мин) (оқу бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешен, электронды портфолио, оқу-әдістемелік құралдар, портфолио)

3. «Заман талабына сай  пәндік циклдік  комиссия жетекшісі қандай болу керек?» (пәндік циклдік комиссия жетекшілері эссе жазу, қорғауы тиіс)

4.Өнер сайысы (өз өнерлерін көрсету)

5.Спорт сайысы (мылтық ату 3 адамнан 3 рет)

Сайыс қорытындысы  бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, номинациялар берілді:

1.   Жоғары ұпай көрсеткен жаратылыстану-математика және информатика пәндері циклдік комиссиясы  ерекше нәтиже көрсеткені үшін  «Үздік ПЦК» атағына ие болды.

2.   Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі циклдік комиссиясы «Шығармашыл ПЦК» номинациясымен;

3.   Қазақ және орыс тілі мен әдебиеті циклдік комиссиясы «Жаңашыл ПЦК» номинациясымен;

4.   Ағылшын тілінен арнайы пәндер циклдік комиссиясы «Ынтымақты ПЦК» номинациясымен;

5.   Әлеуметтік-экономикалық пәндер циклдік комиссиясы «Өнерлі ПЦК» номинациясымен;

6.   Бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндік циклдік комиссиясы «Спортшы ПЦК» номинациясымен.

Колледж әкімшілігі оқытушыларды кәсіби икемділік, ұтқырлық пен сан қырлы шығармашылық қызметіне  алғыс айта отырып, жеңістерімен құттықтайды. 

Колледж әдіскері          А.П.Козыбакова

 





7 қазан 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Коллдеж жаңалықтары №5.  ...

3 қазан 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

"Ашық бюджет"  ...

3 қазан 2018

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

"Ашық бюджет" ...

30 қыркүйек 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Коллдеж жаңалықтары №4.  ...

23 қыркүйек 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Коллдеж жаңалықтары №3. ...

16 қыркүйек 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

МГК жаңалықтары  ...

9 қыркүйек 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

МГК жаңалықтары ...

31 шілде 2018

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Стратегиялық даму жоспары  ...

22 маусым 2018

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі

...

27 мамыр 2018

Ақтау қаласының 2 шағын аудан тұрғындарының назарына!

Ақтау қаласының 2 шағын аудан тұрғындарының назарына! «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК - да «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясынды 01 маусым мен 31 тамыз аралығында халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында курс ұйымдастырылады. Курс өткізу тегін. Курстың өткізілетін орны: 2 шағын аудан, 57 ғимарат, 200 кабинет. Өтетін уақыты: Дүйсенбі - жұма, сағат 1000 - 1200, 1500 - 1700. Курс өткізуші: Елдашбаева А.С. Байланыс телефоны: 8 -...

30 маусым 2017

Сегіз қырлы – бір сырлы

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық  – ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, ұстаз біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі студенттермен қарым-қатынаста болып, жақсы маман болып шықсам деген сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі оның қарапайым да сыпайы...

19 сәуір 2017

Игілікті іс

Игілікті іс  ...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері