Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Жаңалықтар

0

ХАБАРЛАМА бос және уақытша бос лауазымдарға

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz 04.10.2023ж. логопедия мамандығының арнайы пәндер оқытушысы уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі  кәсіптік білім беру болып табылады.

1.«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК-на логопедия мамандығының арнайы пәндер оқытушысы уақытша бос лауазымы. (В1-4 лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақысы педагогикалық еңбек өтіліне байланысты айына 155733 теңгеден 171306 теңгеге дейін.

Оқытушының функционалдық міндеттері:

ü  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

ü  жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

ü  оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

ü  білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

ü  оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

ü  білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

ü  жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

ü  білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; педагогикалық этиканың негізгі нормаларын; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы№ 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қаласы,  2 шағын ауданы, 57  ғимарат, 213 кабинет, телефон:   8 (7292) 507259 (118).

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 





4 маусым 2025

2025 жылы 4 маусым күні

2025 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай мемлекеттік гимнін орындады. Шара барысында колледж ұжымы мен студенттер мемлекеттік гимнін бірлесе орындап, елге деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін білдірді. Колледж басшысы Өмірбекова Бақтыгүл Сүйінбайқызы Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны екенін атап өтті. Тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақ, болашағы жарқын болғай!  ...

4 маусым 2025

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер елдің егемендігі мен тәуелсіздігінің нышандары. Олар халықтың ұлттық бірлігін, тарихи сабақтастығын, елге деген сүйіспеншілігі мен патриотизмін білдіреді. Колледждімізде 1-2 курс студенттері арасында, топ жетекшілері А. Джаксыбаева, А. Кожакова, А. Габдуллинаның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!» тақырыбында тәрбие...

1 маусым 2025

1 маусым - Балаларды қорғау күні

30.05.2025 жылы 1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналып колледж ұжымы балаларымен «Бар мейірім балаларға!» тақырыбында 1 курс ҚБ-24-2 тобы студенттері, жетекшісі В. Калменшиева мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты: Балалар мен ата-аналарды 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, барша балаларға бақытты балалық шақ, ашық аспан, сыңғырлаған күлкі сыйлау. Шара барысында балалармен ән салып, би билеу, түрлі ойындар және асфальтта сурет салу, аниматорлармен...

26 мамыр 2025

Қазақтың ғалым қызы Мағрипа Жылқыбаева

Қазақтың ғалым қызы Мағрипа Жылқыбаева Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның ғылыми мұрасын  ұрпақ жадында қалдыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті  пәні оқытушысы Л.Домбаева колледж кітапханасында ББ-23-2 тобының студенттерімен «Жамбылдың жұмбақ әлемі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқытушы шара барысында Мағрипа Жылқыбаеваның қазақ әдебиетін шыңға көтерген ақын, жырау Жамбыл...

24 мамыр 2025

24-мамыр күні колледж ұжымы таза ауада көңілді тимбилдинг өткізді.

24-мамыр күні колледж ұжымы таза ауада көңілді тимбилдинг өткізді. Тимбилдинг - бұл ұжымды біріктіруге бағытталған корпоративтік іс-шара. Ортақ мақсаттарға жету үшін бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытатын командалық ойындар мен тренингтер. Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға, ұжымдағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.  ...

16 мамыр 2025

2025 жылдың 17 мамыр күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының І-ІІ курс студенттерінің жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізілді

2025 жылдың 17 мамыр күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының І-ІІ курс студенттерінің жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды: I орын-(Химия пәні); II орын- (Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, Ағылшын тілі пәндерінен); III орын - (География, Биология,...

14 мамыр 2025

«Дін және рухани тәрбие»

2025 жылдың 14 мамырында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жол картасы шеңберінде  «Дін және рухани тәрбие» тақырыбында Ақтау қаласы әкімдігі, қоғамдық даму орталығы КММ, дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау бөлімінің жетекшісі Нұрлан Газимов ақпараттық түсіндіру жұмысын өткізді. Шара барысында Н.Газимов қазіргі қоғамдағы мәселелерден мысалдар алып,бейне жазбалардан үзінділер көрсету арқылы сақтану жолдары мен тигізер кері әсерін атап, экстремизмнің алдын-алу бағыттары...

12 мамыр 2025

English is Everywhere!"

Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың мамыр айының 12-і мен 17-і аралығында «Функционалдық сауаттылық - инновациялық ойлау мен кәсіби құзыреттіліктерді ұштастыра отырып, жаһандық бәсекеге білім алушылардың қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы Ағылшын тілінен арнайы пәндер циклдік комиссиясының апталығы ұйымдастырылуда. Апталықтың ашылуы "English is Everywhere!" тақырыбында қызықты және көңілді...

12 мамыр 2025

«Функционалдық сауаттылық - инновациялық ойлау мен кәсіби құзыреттіліктерді ұштастыра отырып, жаһандық бәсекеге білім алушылардың қабілеттілігін дамыту»

Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың мамыр айының 12-і мен 17-і аралығында «Функционалдық сауаттылық - инновациялық ойлау мен кәсіби құзыреттіліктерді ұштастыра отырып, жаһандық бәсекеге білім алушылардың қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы Ағылшын тілінен арнайы пәндер циклдік комиссиясының апталығы ұйымдастырылуда. Апталық аясында бірнеше ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар және Көңілді қоңырау...

8 мамыр 2025

«Батырлардың еңбегі ақталған күн»

        Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай студенттерді өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 08.05.2025 жылы топ жетекші  Х. Мусрепова 1 курс, ЛБ -24-1 тобының студенттерімен «Батырлардың еңбегі ақталған күн» тақырыбында тәрбие сағатын...

6 мамыр 2025

«Бауыржан Момышұлы - Мәңгі өшпес із қалдырған Ұлы тұлға»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сынып мұғалімі » мамандығы бойынша білім алып  жатырған 2,3 курс студенттері арасында топ жетекшілері Г.Жаймағанбетова, А.Кожакова «Бауыржан Момышұлы - Мәңгі өшпес із қалдырған Ұлы тұлға» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Студенттерге Ұлы  Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақ батыры Б. Момышұлының өмірі мен...

25 сәуір 2025

«Сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы жауаптылықты қатаңдатудың қажеттілігі»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы жауаптылықты қатаңдатудың қажеттілігі» тақырыбында 2, 3 курс студенттерінің қатысуымен дебат ойыны өткізілді. Мақсаты: жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар ету, жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой – пікірлерін жеткізе біліп,...

22 сәуір 2025

«Еңбек Кубогы» республикалық спартакиадасында волейболдан Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің қыздар командасы 1 орын алды

14-19.04.2025 ж. Түркістан қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық, және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Еңбек Кубогы» республикалық спартакиадасында волейболдан Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің қыздар командасы 1 орын алды және Маңғыстау облысы жалпы есеп бойынша 3 орын ие болды.  ...

18 сәуір 2025

Колледж басшылары мекемелер арасындағы меморандумға қол қойды.

2025 жылғы 17 сәуірде Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК басшысы Өмірбекова Бақтыгул Сүйінбайқызы және басшының орынбасары Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна Қызылорда облысының 93 жылдық тарихы бар М. Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжіне іс сапармен барып, колледждің материалдық-техникалық базасымен, ғылыми-әдістемелік жұмыстарымен танысты. Іс сапар барысында колледж басшылары...

18 сәуір 2025

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМІ

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі басшысы Өмірбекова Бақтыгул Сүйінбайқызы мен тамыры тереңге жайылған 105 жылдық тарихы бар Жамбыл облысының Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі басшысы Есеев Саясат Керимбекович оқу орындары арасындағы ынтымақтастық келісімге қойды. Келісім аясында білім беру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру және студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту, тиімді инновациялық...

16 сәуір 2025

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы «Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МККК басшысы лауазымына 2025 жылдың 14 сәуірінде Өмірбекова Бақтыгүл Сүйінбайқызы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 Бұйрығы негізінде, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы «Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МККК басшысы лауазымына 2025 жылдың 14 сәуірінде Өмірбекова Бақтыгүл Сүйінбайқызы тағайындалды. Бақтыгүл Сүйінбайқызы 1983 жылы 6 қазанда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентінде дүниеге келді. 2004 жыл...

14 сәуір 2025

"Үздік қорғаушы" номинациясымен ДТБ-22-1 тобының студенті Берзембай Рысай марапатталынды.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орай жастар арасында өткен облыстық шағын футбол жарысында Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің командасы II орынға ие болды және "Үздік қорғаушы" номинациясымен ДТБ-22-1 тобының студенті Берзембай Рысай марапатталынды. Жаттықтырушысы: Н.А.Бисенбаев. Құттықтаймыз!!!   ...

13 сәуір 2025

"Білім беруде AR технологияларын қолдану" тақырыбында жасанды интеллект сервистері арқылы голограмманың жасалу жолдары көрсетілді.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде педагогтердің IT құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.А.Калиева, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары А.Е.Кошерова және информатика пәнінің оқытушылары бірігіп "Жасанды интеллект сервистерін сабақ барысында қолдану" практикумын қазан-мамыр айларына жоспарлап өткізуде. Бүгін, 11 сәуір күні "Білім...

11 сәуір 2025

«Болашақ ұстаз: кәсіби даму және шығармашылық ізденіс» тақырыбында аймақтық семинар-практикум өткізілді.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» және Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі арасындағы меморандум аясында 2025 жылдың 10-шы сәуір күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі базасында «Болашақ ұстаз: кәсіби даму және шығармашылық ізденіс» тақырыбында аймақтық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, әлеуметтік...

10 сәуір 2025

Басқармадан құрылған сарапшылар педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санатына тапсыратын оқытушылардың сабақтарына қатысып, соңында талдау жасалынды.

2025 жылдың 07- ші сәуір күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде басқармадан құрылған сарапшылар педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санатына тапсыратын оқытушылардың сабақтарына қатысып, соңында талдау жасалынды. Барлық сабақтың жоспары талапқа сай жасақталып, жоғары дәрежеде өткізілді.   ...

29 наурыз 2025

Колледж студенттерінің спартакиадасы аясында Ұлттық спорт лигасының облыстық жарысы

Колледж студенттерінің спартакиадасы аясында Ұлттық спорт лигасының облыстық жарысында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің командалары келесі орындарға ие болды: 1. Үстел теннисі бойынша- I орын (Жетекшісі: Ескалиев Ж.Ж.); 2. Тоғызқұмалақ бойынша - I орын (Жетекшісі: Жапаева А.М.); 3. Волейбол бойынша қыздар арасынан I орын (Жетекшісі: Нурханов Е.К.); 4. Волейбол бойынша ұлдар арасында I орын (Жетекшісі: Егизгараев К.К.); 5. Баскетбол бойынша...

24 наурыз 2025

Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді.

2025 жылдың наурыз айының 20 күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде ОТБ-24-1 тобы наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты - Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу; Ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыру. Шара барысында студенттер халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеп, ұлттық ойындар ойнатылды.  ...

21 наурыз 2025

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Қош келдің, Әз-Наурыз! 2025 жылдың 20 күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде мерекелік шара өтті. Мақсаты – Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.  ...

21 наурыз 2025

ББ-24-4 тобы наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді.

2025 жылдың наурыз айының 20 күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде ББ-24-4 тобы наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты - Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру; Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу; Ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыру. Шара барысында студенттер халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеп, ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би биледі.  ...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері