Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Оқу - тәрбие жұмысы

0

Шәкірт тілегі - Айгерім Өтегенова

 Білімдіден шыққан сөз –

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз. – деп Абай атамыз айтқандай, адам баласы қай уақытта да оқу, білім, ғылым деген нәрселермен озады деген ой босқа айтылмағаны мәлім. Менің алға қойған мақсатымның бірі – жақсы білім алып, оны іс жүзінде пайдаға асыру болды. Міне, енді сол арманымның алғашқы сатыларына да қиын да қызықты сәттерді жеңіп, өткердім.

Мұндағы қатаң талап, болашақ мамандарды өз ісінің майталман білгірі болып шығуына көп әсер етеді деп есептеймін. Өйткені, мен оқып жүрген кезде тапсырмаларады мұқият орындап және оқуға уақытында баруға, жауапты қарауға да үйрендім. Дәл қазіргі сапалы да, өте жақсы диплом алуым да осы оқу орнының арқасы.

Ең, алғашқы алғысым, осы гуманитарлық колледждің директоры А.В.Ушакова ханымға алғысым шексіз. Маңғыстау гуманитарлық колледжінде білім беруші әр қала, облыстан өте жақсы деңгейдегі мамандарды және өз ішінен бітірген  жас мамандарды оқытушы етіп алуы – бұл деген болашақ жас студенттердің білімді, құзыретті, кәсіби педагогикалық шеберлігі мол нағыз дайын маман әзірлеуіне әбден көмектеседі, оның үстіне олар даярлайтын болашақ ұрпаққа, балаларға дұрыс тәрбие, бағыт, білім берудің нышаны. Студенттерге сапалы білім, әділ баға, оқытушының тура бағыт беретін білім нәрі, көзі, бұлағы – осы оқу орны. Мұнда студенттердің сапалы білім алып, жан-жақты болуына жағдай жасалған. Оның ішінде, қазіргі XXI ғасыр – ғылым мен техниканың дамуына сәйкес, интербелсенді тақта(интерактивная доска), әр кабинетте теледидар, сабаққа қажетті түрлі плакат, көрнекіліктер,  сонымен қоса, үйірмелер: домбыра, фортепиано сияқты және де құрал-жабдықтарымен де қамтамасыз етумен қоса, мамандары студенттердің тегін үйренуіне жағдай жасалған. Оқыту деңгейі университетпен теңесетін гуманитарлық колледжді сапалы білім беретін, адамгершілігі мол, шебер педагогтарды, осындай оқу орнын басқарушы құрметті директорге мың да бір рахмет.

Оқу ісінің меңгерушісі С.К. Сармалаева оқытушымызға айтар алғысым  көп. Өйткені, студенттердің жанын түсініп, нағыз педагогке лайықты бізге жәрдем берді. Дәріс бергенде, теориялық, тәжірибелік, ойындық тұрғыдан тренингтер ұйымдастырып, қоғамдық істерге  араласу қажеттігін ұсынып және әр студенттің өзіндік ойын сұрап, келешек  мамандарды дайындауда жан-жақты тұрғыдан өзіндік әдістерін пайдаланды. Осының арқасында, ойдағыдай сапалы дәрежеге жете алдық.

Студенттерге болашақта маман болғанда, әрқашанда көңілді жүріп, ізденімпаз болып, белсенді болу  қажеттігін  ұсынатын семинарларды, ашық сабақтарды техникалық тұрғыдан пайдаланып, кәсіби шеберлікпен өткізуді үлгі етіп, ұйымдастырған, көрсеткен, жаңашылдыққа жаны құмар М.Ш.Салтанатова оқытушымызға  айтарым, алғысым мол. Өйткені, бізге жаңа нәрсе үйрету үшін оқытушының өзі де ізденіп, біздің өзімізге нағыз педагог үлгісін көрсете білді.

«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы, яғни болашақ тәрбиеші топтың біздің жетекшіміз А.К. Қойшығұловаға бізге, өз тобына деген  әр студенттің үлгерімін қадағалап, бізге өз баласындай көріп, қамқор болып, аналық тәрбие, ақылын айтушы және де бәрімізді барынша жақсы жақтарымызды, қасиеттерімізді мақтап, жаман жақтарымызды өзімізге ғана айтып, қисық кетсек, ұрысып, әрине «дос жылатып айтады» дегендей шын ниетімен бізді түзетуге қолғабыс еткен кураторымызға алғысым шексіз. Біздің білім деңгейімізді жақсы, өте жақсы деңгейге 4 жыл бойы тұрақты сақтап тұруға көмектескені үшін «үлкен рахметімді» айтамын.

Айтар тілегім, ойым – бұл оқу орынындағы оқытушылардың қай-қайсысына болсын үлгі, пір тұтар тұлғаларымыз көп әрі әрқайсысы өзінше ерекше деп ойлаймын. Осылай Маңғыстау гуманитарлық колледжі заман, адам өзгерсе де, онда оқыған студенттер мен қызметтегі мамандар, оқытушылар дұрыс, тура бағыттан таймай, колледж атағына еш кері әсерін тигізбей, кірбелең түсірмей, керісінше, оданда республикадағы, әлемдегі ең атақты оқу орнына айналып, тек биік шыңдардан көрініп, оқытушылары, студенттері де жетістікке жете берсін деп ізгі тілегімді арнаймын! Сіздерге айтар алғыстан басқа айтарым жоқ! Тек қана сәттілік!

Айгерім Өтегенова – ДБ – 41 тобының студенті

 





8 сәуір 2020

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!

...

8 сәуір 2020

«Назарбаевтай болғым келеді»

...

8 сәуір 2020

«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі»

...

7 сәуір 2020

«МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖI» МКҚК

Тәрбие жұмысының жоспары  ...

19 қараша 2017

2017 - 2018 оқу жылына арналған Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағыты бойынша құрылған іс-шаралар жоспары

№ Шаралар мазмұны мерзімі жауаптылар Өлкетену 1. Мұражайға саяхат: «Тарихи мұралар» (1курс студенттерімен) қазан желтоқсан Азанова С.О. Топ жетекшілері 2. Экскурсия: «Маңғыстауға саяхат» (топтармен  ұйымдастыру) жыл ішінде Топ жетекшілері 3. Зерттеу жұмыстары: «Маңғыстаудағы ақын-жыраулар» ...

31 тамыз 2017

Ата-аналар комитетімен біріккен түрде өткізілетін жұмыс жоспары, 2017 - 2018 оқу жылы

№ Ата-аналар комитетімен жүргізілетін жұмыс Жауаптылар Мерізімі 1. Ата-аналар кеңесін сайлау және оның жұмысын жоспарлау Сармалаева С.К. Бейсенова  М.Б. Қыркүйек 2. Ата-аналармен сауалнама жүргізу Мусрепова Х.К. Қазан 3. Ата-аналар жиналысында пікір-сайыс ұйымдастыру  «Бала тәрбиесіндегі ата-ана қызыметі» (баяндама) ...

29 тамыз 2017

Педагог - психологтың 2017 - 2018 оқу жылының жұмыс жоспары

Міндеттері: ·   Студенттердің психикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған кәсіптік қызмет; оқушылардың дербес тұлғалық, интеллектік және эмоционалдық ерекшеліктерін диагностикалау; студенттермен  психикалық  диагностика жүргізу; диагностикалық- коррекция ( түзету) жұмыстарын жүзеге асыру; ·   колледж әкімшілігі мен педагогикалық ұжымға барлық ағарту үдерісіне қатысушылардың тұлға ретінде дамуына, студенттердің дербестігіне әлеуметтік дамуына жағдай туғызу және олардың...

28 тамыз 2017

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК – ның ата –аналар комитеті туралы ережесі

Ата-аналар комитеті туралы ереже 1. Жалпы ереже Ата-аналар комитеті колледж бен отбасына балаға кәсіби білім және тәрбие беруді ұйымдастыруға көмектесу мақсатымен құрылады. Ата-аналар комитеті мұғалімдер ұжымына, оқушыларға ғылым негіздерін игеруге, жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұйымшылдық пен тәртіпке, өзін-өзі ұстау мәдениетіне , құқықтық, эстетикалық салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеуге, олардың денсаулығын қорғауға...

28 тамыз 2017

Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңесінің 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жоспары

№                              Шаралар         Мерзімі Жауаптылар 1. Тәртіп  бұзушылықтың алдын – алу кеңесінің отырысының жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту. қыркүйек Сармалаева С.К. 2. 1 курс студенттерін колледждің ішкі ережелерімен және студенттердің  міндеттерімен таныстыру. қыркүйек Сармалаева С.К. Кеңес мүшелері 3. ...

27 тамыз 2017

Құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларының инспектормен біріккен жұмыс жоспары 2017-2018 оқу жылы

№   Шаралар мазмұны Мерзімі Жауаптылар 1. 1 курс студенттерімен кездесу, колледжішілік ережемен таныстыру,қоғамдық  орындардағы  тәртіп туралы айту  қыркүйек Сармалаева С.К.  Инспектор 2. Әңгіме: - «Жасөспірімдер арасындағы келіспеушілік не ден басталады»;   - «Колледж айналасында шылым шегу, себепсіз жиын құру жағдайы» Қазан ...

27 тамыз 2017

2017 - 2018 оқу жылына арналған тәрбие жұмыс жоспары

Мақсаты: Студенттердің жоғары патриоттық санасын қалыптастыру,сонымен қатар  болашақ мамандардың кәсіби -тұлғалық қалыптасуы үшін қажетті жағдай жасау. Ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.  Міндеттер: 1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және көшбасшылық қасиеттерді дамыту; 2. Студенттерді сабақ және сабақтан тыс шараларда белсенділік көрсетуге, өзін-өзі басқара білуге үйретуді дамыту. 3. Студенттердің  өз бетімен білім алу және өзін-өзі дамыту дербестігін өркендету шараларына  атсалысуын қадағалау. 4. Колледж ішінде, басқа да жерлерде тәртіп сақтау, өз құқықтарын білу, өзгерлердің де құқықтарымен санасатын, адамгершілігі мол, салауатты өмір салтын қалыптастыруға атсалысатын сауатты студентті тәрбиелеу жұмысын жалғастыру. 5. Топ жетекшілерге өздерінің функционалдық лауазым міндеттерін айқын орындау, жүйелі түрде ұйытқы болу, ағымдық оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуде, мақсат қоюда және жоспарлауда шығармашылықпен істің ыңғайын білу.

27 тамыз 2017

2017 - 2018 оқу жылына арналған тәрбие жұмыс жоспары

Мақсаты: Студенттердің жоғары патриоттық санасын қалыптастыру,сонымен қатар  болашақ мамандардың кәсіби -тұлғалық қалыптасуы үшін қажетті жағдай жасау. Ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.  Міндеттер: 1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және көшбасшылық қасиеттерді дамыту; 2. Студенттерді сабақ және сабақтан...

30 маусым 2017

2016-2017 оқу жылында Маңғыстау гуманитарлық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің атқарған жұмыстары туралы есебі

2016-2017 оқу жылын Маңғыстау гуманитарлық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитеті 1 қыркүйек – Білім күніне арналған мерекелік шарамен бастады. 2016-2017 оқу жылында жастар комитеті төмендегі шаралардың жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысты. Қарттар күніне орай корей этно бірлестігімен бірге «Уақыт. Оқиғалар. Адамдар» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуде Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың бірлестіктері туралы, өзге ұлттардың қазақ жерін қоныстануы жайында әңгімелер айтылып, деректі...

28 маусым 2017

2016 - 2017 оқу жылы бойынша өткізілген психологиялық жұмысының есебі

Мақсаты : •  Студенттердің психикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған кәсіптік қызмет; студенттердің дербес тұлғалық, интеллектік және эмоцияналдық ерекшеліктерін диагностикалау; оқушылармен психикалық диагностика жүргізу; диагностикалық- коррекция (түзету) жұмыстарын жүзеге асыру; •  Колледж әкімшілігі мен педагогикалық ұжымға барлық ағарту үдерісіне қатысушылардың тұлға ретінде дамуына, оқушылардың дербестігіне әлеуметтік дамуына жағдай туғызуға және олардың денсаулығын...

27 мамыр 2017

Тағылымы мол апталық

Маңғыстау гуманитарлық колледжінде жыл сайын «Шеберліктің маржан тамшылары» тақырыбынды пәндік циклдік  комиссияларының тәжірибе алмасуы мақсатында апталық өткізу дәстүрге айналған. Осы апталықта пән оқытушылары өздерінің тәжірибелерін басқа пән мұғалімдерімен бөлісіп, сабақты өткізудің жаңа сырлары мен танысты. Мысалы, атап айтатын болсақК.Х.Нурмухамбетованың өткізген «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» тақырыбында ашық тәрбиесағаты, Г.І.Туленованың Қазақстан халық ассамблеясының 20...

20 сәуір 2017

Шәкірт тілегі - Байрамбаева Гүлмира

Алтын ұя – білімнің қайнар бұлағы, Еңсесі биік асқар тау болып тұрады. Баспалдақ санап биікке ғана бастайтын, Шәкірттер үшін ұстаздың орны жоғары. Иә, алтын ұя мен аяулы ұстаздардың шәкірт үшін алар орны ерекше. Алтывн ұя қабырғасында ардықты ұстаз – анадан білім алып, үлкен өмір жолына жолдама алар студент – шәкірттер үшін колледж қабырғасындағы ұмытылмас қызыққа толы күндер. Міне, бізге екінші үйіміз болған колледжбен, анамыздай мәпелеген асыл ұстаздарымызбен қоштасар сәтте...

10 наурыз 2017

Стандарт государственной услуги «Выдача справок по опеке и попечительству»

Стандарт государственной услуги «Выдача справок по опеке и попечительству»  ...

10 наурыз 2017

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2015 года № 198 «Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых в сфере семьи и детей»

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2015 года № 198 «Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых в сфере семьи и детей»  ...

6 ақпан 2017

Тәрбие жұмысының І жартыжылдық жұмыс есебі

Тәрбие жұмыс есебі  ...

28 қаңтар 2017

Үндеудің ізімен

Үндеудің ізімен  ...

28 қаңтар 2017

Елбасы Үндеуіне үн қосу

Елбасы Үндеуіне үн қосу  ...

28 қаңтар 2017

Елбасы саясаты қолдауға лайық

Елбасы саясаты қолдауға лайық  ...

6 қыркүйек 2016

Тәрбие жұмыс жоспары

Тәрбие жұмыс жоспары  ...

31 тамыз 2016

2016 - 2017 оқу жылындағы Жастар ісі жөніндегі комитетінің жұмыс жоспары

Тәрбие сағатының мақсаты – студенттерінің өз елінің патриоттары ретінде қалыптасуын, өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыра отырып оңтайлы жағдай жасау. Тәрбие жұмысының міндеттері: Ø  Денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жек тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту; Ø  Жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа,...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері