Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Оқу - тәрбие жұмысы

0

Менің оқу орным туралы...

 Ақырын жүріп анық  бас

Еңбегің  кетпес  далаға

Ұстаздық етпес  жалықпас

Үйретуден  балаға... - деп Абай атамыз  айтқандай, осынау  қиыны  мен қызығы мол мамандық иесі  болу – менің  де арманым. Ұстаз  болу оңай  емес. Оның  қыры  мен  сырына үңіліп, оны меңгеру үшін  Ақтау  қаласының 2 шағын ауданында орналасқан қасиетті шаңыраққа  келіп  мен  де  бағымды  сынап, киелі оқу орнының студенті атандым.

Бұл киелі орда - Маңғыстау  гуманитарлық  колледжі.

Маңғыстау  гуманитарлық  колледжі  - шартарапқа шәкірттерін  жыл  сайын ұшырып отырған оқу орны. Озық  білімді, ұшқыр  ойлы, жаңашыл, өз  ісінің маманы  деген  ұлағатты  ұстаздар осы -  оқу  орнының түлектері.

Мен,  «Бастауыш  білім  беру»  мамандығы  бөлімінде  оқып, шыңдалудамын. Осы  мамандықты таңдағаныма қуаныштымын. Мұнда өз арманыңа қол жеткізуге мол  мүмкіндіктер қарастырылған. Біздер үшін өз ісінің шеберлері: Алтыбаева Рысты  Алтыбайқызы, Ақмамбетова  Дина  Байқуанқызы, Дәрібаева Гульнар Кубаевна, Қозыбақова Алтын  Панзабекқызы, Елдашбаева Амангүл Сарықтұрдықызы  сынды мамандар  жалықпай  білім  беруде...

Біз  оқитын  ШБ – 11  тобында 25 студент білім алуда. Бәріміз бір үйдің балаларындай тату - тәтті, ұйымшыл топпыз.  Осы  оқу ордасынан керемет  достар таптым  десем де  артық  болмас еді. Топ  жетекшіміз Айна  Кемелқызы  бізбен  үнемі тығыз байланыста. Ол әрқашан  бізге  дұрыс  бағыт  беріп, бізді  қолдап, қолпаштап  отырады.

Мен  бұл  мамандықты  таңдаған  себебім,  кішкентай  бүлдіршіндерге  білім  нәрін  сусындатып  келешекте өзінің мақсатына жететіндей  жақсы  елдің азаматы  қылып шығару.  Менің мақсатым – кішкентай балаларға қалам ұстатып, алғашқы кітабы «Әліппені» жаттатып, оқу – жазуға үйретіп, білімді, өнерлі, ақылды шәкірт дайындап шығару. Бұйыртса, осы 4  жыл ішінде  осы  ойлаған  мақсаттарыма  жетем  деген  үміттемін.

Осы  Маңғыстау  гуманитарлық  колледжінде  оқып жатқанымды  мақтан  етемін.

Мен  аталған оқу ордасындағы ұстаздардың, бірге оқитын достарымның, жанашыр ата – анамның  қолдауларының  арқасында  өз  арманыма, мақсатыма  жетіп,  өте  жақсы  білімді  де  білікті  маман иесі  болып шығатыныма  сенемін.

                                                     ШБ – 11 тобының студенті Жәңгірова  Асима

 





17 наурыз 2025

«Наурыз-бірлік, жаңару, татулық мейрамы!» тақырыбында тәрбие сағаты

ЛБ-24-1 тобы студенттерімен Х.К.Мусрепова «Наурыз-бірлік, жаңару, татулық мейрамы!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 

16 наурыз 2025

«Противодействие коррупции-новая форма патриотизма!»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 24.02.2025жылы ШБ-24-1 тобына жетекшісі А. Н. Габдуллинаның ұйымдастыруымен «Противодействие коррупции-новая форма патриотизма!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 

4 наурыз 2025

«Қайырымдылық-асыл қасиет»

ИБ-24-1 тобының 1 курс студенттері, жетекшісі А.Р.Тилеуованың ұйымдастыруымен «Қайырымдылық-асыл қасиет» тақырыбындағы акция аясында Облыстық мамандандырылған балалар үйіне барып, бүлдіршіндермен танысты, бірге ойын ұйымдастырып,сыйлықтар таратты.  

1 маусым 2023

«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»

Мақсаты: Оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу. 

1 маусым 2023

«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әр түрлі ұлттардың балалары! Болашақ сіздің қолыңызда!», «Дети разных народов! Светлое завтра в ваших руках!» тақырыбында ОТБ-21-2 тобы студенттері топ жетекшісі М.О. Онланбековамен балаларға арналған «Ақбота» саябағында қойылымдар мен ойындар өткізіп, кішкене бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады. 

9 мамыр 2021

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

"Парасат жолы" орталығының кезекті жобасы - ҰОС қатысқан жазушылардың шығармаларын насихаттау. Алғаш боп Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесін алдық. Кітап оқуды ынталандыру үшін осындай түрлі сайыстар ұйымдастырып келеміз. 
: https://www.facebook.com/photo?fbid=2954132551534713&set=pcb.2954133708201264

14 сәуір 2020

Студенттер мен оқытушылар бос уақыты

...

8 сәуір 2020

«Тәуелсіздік құрдастары –Мәңгілік Ел үшін»

...

8 сәуір 2020

«Тәуелсіз елім Қазақстаным»

...

8 сәуір 2020

Рухы биік, арманы асқақ – Қазақ елі (рухани жаңғыру аясындағы тәрбие сағаты)

...

8 сәуір 2020

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

...

8 сәуір 2020

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»

...

8 сәуір 2020

«Елбасы және болашақ бағдарламасы»

...

8 сәуір 2020

«Тәуелсіздік -таң нұрым!»

...

8 сәуір 2020

Өзін-өзі тану пәніменинтеграцияланған оқудан тыс іс-әрекет жобасының жоспары

...

8 сәуір 2020

«Отбасы – бақыт мекені»

...

8 сәуір 2020

«Елбасы және болашақ бағдарламасы»

...

8 сәуір 2020

«Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясы

...

8 сәуір 2020

"Нашақорлық-ғасыр дерті"

...

8 сәуір 2020

«Ата-баба дәстүрі – әдептілік негізі»

...

8 сәуір 2020

«АТА ЗАҢЫМЫЗ БЕН БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ»

...

8 сәуір 2020

«Заңды білу – заман талабы»

...

8 сәуір 2020

«День Первого Президента Республики Казахстан»

...

8 сәуір 2020

«Абай - дана, Абай - дара қазақта»

...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері