0
Шәкірт тілегі - Айгерім Өтегенова
Білімдіден шыққан сөз –
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз. – деп Абай атамыз айтқандай, адам баласы қай уақытта да оқу, білім, ғылым деген нәрселермен озады деген ой босқа айтылмағаны мәлім. Менің алға қойған мақсатымның бірі – жақсы білім алып, оны іс жүзінде пайдаға асыру болды. Міне, енді сол арманымның алғашқы сатыларына да қиын да қызықты сәттерді жеңіп, өткердім.
Мұндағы қатаң талап, болашақ мамандарды өз ісінің майталман білгірі болып шығуына көп әсер етеді деп есептеймін. Өйткені, мен оқып жүрген кезде тапсырмаларады мұқият орындап және оқуға уақытында баруға, жауапты қарауға да үйрендім. Дәл қазіргі сапалы да, өте жақсы диплом алуым да осы оқу орнының арқасы.
Ең, алғашқы алғысым, осы гуманитарлық колледждің директоры А.В.Ушакова ханымға алғысым шексіз. Маңғыстау гуманитарлық колледжінде білім беруші әр қала, облыстан өте жақсы деңгейдегі мамандарды және өз ішінен бітірген жас мамандарды оқытушы етіп алуы – бұл деген болашақ жас студенттердің білімді, құзыретті, кәсіби педагогикалық шеберлігі мол нағыз дайын маман әзірлеуіне әбден көмектеседі, оның үстіне олар даярлайтын болашақ ұрпаққа, балаларға дұрыс тәрбие, бағыт, білім берудің нышаны. Студенттерге сапалы білім, әділ баға, оқытушының тура бағыт беретін білім нәрі, көзі, бұлағы – осы оқу орны. Мұнда студенттердің сапалы білім алып, жан-жақты болуына жағдай жасалған. Оның ішінде, қазіргі XXI ғасыр – ғылым мен техниканың дамуына сәйкес, интербелсенді тақта(интерактивная доска), әр кабинетте теледидар, сабаққа қажетті түрлі плакат, көрнекіліктер, сонымен қоса, үйірмелер: домбыра, фортепиано сияқты және де құрал-жабдықтарымен де қамтамасыз етумен қоса, мамандары студенттердің тегін үйренуіне жағдай жасалған. Оқыту деңгейі университетпен теңесетін гуманитарлық колледжді сапалы білім беретін, адамгершілігі мол, шебер педагогтарды, осындай оқу орнын басқарушы құрметті директорге мың да бір рахмет.
Оқу ісінің меңгерушісі С.К. Сармалаева оқытушымызға айтар алғысым көп. Өйткені, студенттердің жанын түсініп, нағыз педагогке лайықты бізге жәрдем берді. Дәріс бергенде, теориялық, тәжірибелік, ойындық тұрғыдан тренингтер ұйымдастырып, қоғамдық істерге араласу қажеттігін ұсынып және әр студенттің өзіндік ойын сұрап, келешек мамандарды дайындауда жан-жақты тұрғыдан өзіндік әдістерін пайдаланды. Осының арқасында, ойдағыдай сапалы дәрежеге жете алдық.
Студенттерге болашақта маман болғанда, әрқашанда көңілді жүріп, ізденімпаз болып, белсенді болу қажеттігін ұсынатын семинарларды, ашық сабақтарды техникалық тұрғыдан пайдаланып, кәсіби шеберлікпен өткізуді үлгі етіп, ұйымдастырған, көрсеткен, жаңашылдыққа жаны құмар М.Ш.Салтанатова оқытушымызға айтарым, алғысым мол. Өйткені, бізге жаңа нәрсе үйрету үшін оқытушының өзі де ізденіп, біздің өзімізге нағыз педагог үлгісін көрсете білді.
«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы, яғни болашақ тәрбиеші топтың біздің жетекшіміз А.К. Қойшығұловаға бізге, өз тобына деген әр студенттің үлгерімін қадағалап, бізге өз баласындай көріп, қамқор болып, аналық тәрбие, ақылын айтушы және де бәрімізді барынша жақсы жақтарымызды, қасиеттерімізді мақтап, жаман жақтарымызды өзімізге ғана айтып, қисық кетсек, ұрысып, әрине «дос жылатып айтады» дегендей шын ниетімен бізді түзетуге қолғабыс еткен кураторымызға алғысым шексіз. Біздің білім деңгейімізді жақсы, өте жақсы деңгейге 4 жыл бойы тұрақты сақтап тұруға көмектескені үшін «үлкен рахметімді» айтамын.
Айтар тілегім, ойым – бұл оқу орынындағы оқытушылардың қай-қайсысына болсын үлгі, пір тұтар тұлғаларымыз көп әрі әрқайсысы өзінше ерекше деп ойлаймын. Осылай Маңғыстау гуманитарлық колледжі заман, адам өзгерсе де, онда оқыған студенттер мен қызметтегі мамандар, оқытушылар дұрыс, тура бағыттан таймай, колледж атағына еш кері әсерін тигізбей, кірбелең түсірмей, керісінше, оданда республикадағы, әлемдегі ең атақты оқу орнына айналып, тек биік шыңдардан көрініп, оқытушылары, студенттері де жетістікке жете берсін деп ізгі тілегімді арнаймын! Сіздерге айтар алғыстан басқа айтарым жоқ! Тек қана сәттілік!
Айгерім Өтегенова – ДБ – 41 тобының студенті
17 наурыз 2025
«Наурыз-бірлік, жаңару, татулық мейрамы!» тақырыбында тәрбие сағаты
ЛБ-24-1 тобы студенттерімен Х.К.Мусрепова «Наурыз-бірлік, жаңару, татулық мейрамы!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.16 наурыз 2025
«Противодействие коррупции-новая форма патриотизма!»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 24.02.2025жылы ШБ-24-1 тобына жетекшісі А. Н. Габдуллинаның ұйымдастыруымен «Противодействие коррупции-новая форма патриотизма!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.4 наурыз 2025
«Қайырымдылық-асыл қасиет»
ИБ-24-1 тобының 1 курс студенттері, жетекшісі А.Р.Тилеуованың ұйымдастыруымен «Қайырымдылық-асыл қасиет» тақырыбындағы акция аясында Облыстық мамандандырылған балалар үйіне барып, бүлдіршіндермен танысты, бірге ойын ұйымдастырып,сыйлықтар таратты.1 маусым 2023
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»
Мақсаты: Оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу.1 маусым 2023
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әр түрлі ұлттардың балалары! Болашақ сіздің қолыңызда!», «Дети разных народов! Светлое завтра в ваших руках!» тақырыбында ОТБ-21-2 тобы студенттері топ жетекшісі М.О. Онланбековамен балаларға арналған «Ақбота» саябағында қойылымдар мен ойындар өткізіп, кішкене бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.9 мамыр 2021
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
"Парасат жолы" орталығының кезекті жобасы - ҰОС қатысқан жазушылардың шығармаларын насихаттау. Алғаш боп Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесін алдық. Кітап оқуды ынталандыру үшін осындай түрлі сайыстар ұйымдастырып келеміз. : https://www.facebook.com/photo?fbid=2954132551534713&set=pcb.295413370820126414 сәуір 2020
Студенттер мен оқытушылар бос уақыты
...8 сәуір 2020
«Тәуелсіздік құрдастары –Мәңгілік Ел үшін»
...8 сәуір 2020
«Тәуелсіз елім Қазақстаным»
...8 сәуір 2020
Рухы биік, арманы асқақ – Қазақ елі (рухани жаңғыру аясындағы тәрбие сағаты)
...8 сәуір 2020
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
...8 сәуір 2020
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
...8 сәуір 2020
«Елбасы және болашақ бағдарламасы»
...8 сәуір 2020
«Тәуелсіздік -таң нұрым!»
...8 сәуір 2020
Өзін-өзі тану пәніменинтеграцияланған оқудан тыс іс-әрекет жобасының жоспары
...8 сәуір 2020
«Отбасы – бақыт мекені»
...8 сәуір 2020
«Елбасы және болашақ бағдарламасы»
...8 сәуір 2020
«Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясы
...8 сәуір 2020
"Нашақорлық-ғасыр дерті"
...8 сәуір 2020
«Ата-баба дәстүрі – әдептілік негізі»
...8 сәуір 2020
«АТА ЗАҢЫМЫЗ БЕН БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ»
...8 сәуір 2020
«Заңды білу – заман талабы»
...8 сәуір 2020
«День Первого Президента Республики Казахстан»
...8 сәуір 2020
«Абай - дана, Абай - дара қазақта»
...