0
Ұстаз – ұлағатты есім
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Міне, сол себепті де мен мұғалім мамандығын таңдадым.
Мен киелі білім ордасы - Маңғыстау Гуманитарлық Колледжінде "010503 3 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі" мамандығы бойынша 2011 жылы оқуға түстім.
Маңғыстау гуманитарлық колледжі – арнаулы орта оқу орны. 1983 жылдары Маңғышлақ педагогика училищесі болып ашылған. 1991 жылы Маңғыстау педагогика колледжі, ал 1997 жылдан бастап, Маңғыстау гуманитарлық колледжі деп аталуда. Биыл қасиетті де киелі оқу орнына 30 жыл толып отыр. Міне, осы 30 жылда біздің колледжіміз қаншама білікті де білімді, өз мамандықтарының қыр-сырын меңгерген саналы жас мамандарды тәрбиелеп шықты. Бүгінгі таңда сол мамандар еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Олардың арасында елімізге танымал жандар да бар.
Біздің колледж - Қазақстан Республикасының кәсіптік коллеждері арасында үздік колледж, жылдың үздік колледжі сынды атақтарға ие болды. Мұнда өз істерінің хас шеберлері еңбек етуде. Ұлағатты ұстаздарымыздың көбі Қазақстан Республикасы білім беру озаты атағына ие болған.
Менің ойымша, тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындауымыз қажет.
АБ - 32 тобының студенті Әсем Сартбаева
17 наурыз 2025
«Наурыз-бірлік, жаңару, татулық мейрамы!» тақырыбында тәрбие сағаты
ЛБ-24-1 тобы студенттерімен Х.К.Мусрепова «Наурыз-бірлік, жаңару, татулық мейрамы!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.16 наурыз 2025
«Противодействие коррупции-новая форма патриотизма!»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 24.02.2025жылы ШБ-24-1 тобына жетекшісі А. Н. Габдуллинаның ұйымдастыруымен «Противодействие коррупции-новая форма патриотизма!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.4 наурыз 2025
«Қайырымдылық-асыл қасиет»
ИБ-24-1 тобының 1 курс студенттері, жетекшісі А.Р.Тилеуованың ұйымдастыруымен «Қайырымдылық-асыл қасиет» тақырыбындағы акция аясында Облыстық мамандандырылған балалар үйіне барып, бүлдіршіндермен танысты, бірге ойын ұйымдастырып,сыйлықтар таратты.1 маусым 2023
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»
Мақсаты: Оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу.1 маусым 2023
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әр түрлі ұлттардың балалары! Болашақ сіздің қолыңызда!», «Дети разных народов! Светлое завтра в ваших руках!» тақырыбында ОТБ-21-2 тобы студенттері топ жетекшісі М.О. Онланбековамен балаларға арналған «Ақбота» саябағында қойылымдар мен ойындар өткізіп, кішкене бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.9 мамыр 2021
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
"Парасат жолы" орталығының кезекті жобасы - ҰОС қатысқан жазушылардың шығармаларын насихаттау. Алғаш боп Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесін алдық. Кітап оқуды ынталандыру үшін осындай түрлі сайыстар ұйымдастырып келеміз. : https://www.facebook.com/photo?fbid=2954132551534713&set=pcb.295413370820126414 сәуір 2020
Студенттер мен оқытушылар бос уақыты
...8 сәуір 2020
«Тәуелсіздік құрдастары –Мәңгілік Ел үшін»
...8 сәуір 2020
«Тәуелсіз елім Қазақстаным»
...8 сәуір 2020
Рухы биік, арманы асқақ – Қазақ елі (рухани жаңғыру аясындағы тәрбие сағаты)
...8 сәуір 2020
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
...8 сәуір 2020
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
...8 сәуір 2020
«Елбасы және болашақ бағдарламасы»
...8 сәуір 2020
«Тәуелсіздік -таң нұрым!»
...8 сәуір 2020
Өзін-өзі тану пәніменинтеграцияланған оқудан тыс іс-әрекет жобасының жоспары
...8 сәуір 2020
«Отбасы – бақыт мекені»
...8 сәуір 2020
«Елбасы және болашақ бағдарламасы»
...8 сәуір 2020
«Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясы
...8 сәуір 2020
"Нашақорлық-ғасыр дерті"
...8 сәуір 2020
«Ата-баба дәстүрі – әдептілік негізі»
...8 сәуір 2020
«АТА ЗАҢЫМЫЗ БЕН БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ»
...8 сәуір 2020
«Заңды білу – заман талабы»
...8 сәуір 2020
«День Первого Президента Республики Казахстан»
...8 сәуір 2020
«Абай - дана, Абай - дара қазақта»
...