12 сәуір 2012
Сырт көз айдары
Маңғыстау гуманитарлық колледжі жайлы сырт көз не дейді...
Ендеше, колледждің кешегі түлектеріне сөз берейік.
Анесова А: «Маған кейде колледж үлкен жанұя сияқты. Бір-бірі
үшін күйініп–қуанатын, қиналса демейтін, алауыздық дегенді білмейтін,
бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын жанұя мүшелеріндей.»;
«Білімсіз мыңды мертіктірер дегендей, біздің колледжде білімсіз жан
бар деу қиын. Сондай–ақ, ондағы ұлағатты ұстаздардың студентке берер
білім нәрін, тәлім-тәрбиесін, үлгі–өнегесін сөзбен айтып жеткізу маған
оңайға соқпас. Колледж мәдениетінің руханилығы мен материалдылығы жоғары
дәрежеде жеткілікті, егер алдағы уақытта осы сәйкестіктер одан әрі өз
орнын тапса – шаңырағымыздың шарықтау шегі де ұлғайып, нұр үстіне нұр
болары сөзсіз,» – деген студент Д. Жұмажанованың пікіріне барлық
құрбылары қосылары анық.
Студенттердің колледж туралы пікірлеріне ұлағатты ұстаздарына деген ыстық сезімге толы жалынды сөздері де сәйкес келді:
Қайрамова Қ: «А.В.Ушакова – жылы жүзді, мейірімді, адамгершілік
қасиеті жоғары, жанындағыларды қамқорлыққа алып, жақсы тіл табысып, жан
дүниесін түсінетін жан.»
А.Анесова: «А.В.Ушакова – қарапайым, үнемі күлімсіреп жүретін,
жанарынан жинақылық пен жылылық сезілетін ұстаздардың бірі. Сөйлеген
сөздеріне, қимылына қарап өте жай адам деп ойлайсың. Бірақ қысқа да
нақты, талапты да талғамды сөздері жұмыстың ілгері жылжуына үлкен әсерін
тигізетір сияқты.»
Абылова Ж: «А.В.Ушакова – өз ортасына өте сыйлы, кішіпейіл, өте
қарапйым жан. Әрбір қадам басысынан, сөйлеген сөзінен жылулық сезіледі.
Талабы өте қатал, бірақ онсыз биікке көтерілу мүмкін емес!
Омарова С.А. – Колледждегі ең сыйлы, ардақты ұстаздың бірі. Көп
сөйлемейтін, байсалды, салмақты, қазақ әйелдерінде көп кездесе бермейтін
өр мінезді жан. Әрбір сөзін анық, нық айтады. Сондықтан жаман мен
жалқаудың құтын қашырары сөзсіз.
Шамшадин Н.Қ – өте салмақты, тік мінезді, көп «мыжыңдықты»
ұнатпайтын, көркем тілді, сезімтал жан. Сабақты алғаш бастағаннан–ақ
адамды өзіне баурап алады.»
– Жұмажанова Д: «Омарова С.А – мәдениеттілігі, ақылдылығы,
байсалдылығы, өмірге көзқарасы жоғары ұлағатты ұстаз. Қарапайым да қатал
апайымыздың ұрысқанда студентті ойландырып, толғандырар қасиеті бар.»
Шапахов А: «Әрбір шәкірттің жүрегінду өзінің бір жақсы көретін,
«құдайдай» сыйлайтын мұғалімі болады. Менің идеалым – Сара Айтбайқызы.
Бұл кісі менің азамат болып қалыптасуыма, адамдар арасындағы
қарым–қатынасты зерттей білуім және ең маңыздысы – мәдениеттілік,
ақылдылық деген адамға ең қажетті қасиеттерді маған оқыта білді,
көрсетті. Бұл кісі менің болашақ өмірімде ардақты ұстаз, аса зор
ақылдылық пен асқан мәдениеттіліктің, байсалдылықтың, көрегенділіктің
символы ретінде қалыптасады.»
Қайырова Б:
«Сен де бір кірпіш дүниеге
Тетігін тап та бар қалан – деп Абай атамыз айтқандай өмірдегі өз
орнын, өз беделін білетін жан деп Тәртіпті Әлиқызын айтқым келеді. Ол
кісінің бойындағы тұнып тұрған білім қайнары алдына келген шәкірттерді
сусындыра біледі.»
26 маусым 2012
Жарылгасова Жадыра
Өмірдің сәтті шағы, тәтті шағы Студенттік өмірдің атты таңы Бүгін де сол шақтардың сәтті болған Жарқыраған бір күні батты тағы! Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып студенттік шақтар қалатын шығар. Студенттік өмір – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, адамның есте қалар ерекше кезеңі ғой. Бізге білім ғана емес, өмірлік тәрбие бере білген ыстық ұя, білім ордамыз Маңғыстау гуманитарлық колледжі болды. 2008 жылы аталған оқу орнының...26 маусым 2012
Аманова Айзада
Менің атым Аманова Айзада. Мен Маңғыстау гуманитарлық колледжінде,бастауыш білім беру мұғалімі, факультетінде оқыдым. Біздің колледж тек Ақтау қаласындағы ғана емес, обылыс бойынша ең керемет білім ордасы. Осы колледжге ең алғашқы рет қадам басқанымда өте куандым, өткені мені мұғалімдер өздерінің жарқыраған жүздерімен, күлімдеп қарсы алды. Бұл колледж мен үшін екінші үйім болды, ал жетекшім Зиганшина Гульнара екінші анамдай. Біздер жақсы және білімді ұстаздар болу үшін барлық мұғалімдер өз...26 маусым 2012
Оңбосынова Данагүл Жанкелдіқызы
Мен, Оңбосынова Данагүл Жанкелдіқызы, «Бастауыш білім беру ісіндегі шетел тілі мұғалімі» мамандығы бойынша 2008 жылы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің табалдырығын аттап , 2012жылы оқуымды аяқтадым. Колледж қабырғасында оқып жүргенімде бірнеше ұстаздар бізді білімді, инабатты педагог болуға тәрбиеледі. Ұлағатты ұстаздардың арқасында болашақта оқушыларға білім нәрін сеуіп, адамгершілікке тәрбиелеп, халқына қалаулы, еліне елеулі азамат пен азаматшаларды қалай тәрбиелеуге, болашаққа қалай...18 маусым 2012
Шәкірт тілегі - Айгерім Өтегенова
Білімдіден шыққан сөз – Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. – деп Абай атамыз айтқандай, адам баласы қай уақытта да оқу, білім, ғылым деген нәрселермен озады деген ой босқа айтылмағаны мәлім. Менің алға қойған мақсатымның бірі – жақсы білім алып, оны іс жүзінде пайдаға асыру болды. Міне, енді сол арманымның алғашқы сатыларына да қиын да қызықты сәттерді жеңіп, өткердім. Мұндағы қатаң талап, болашақ мамандарды өз ісінің майталман білгірі болып шығуына көп...16 маусым 2012
Шәкірт тілегі - Сапарбаева Жамила
Маңғыстау гуманитарлық колледж, қазіргі таңдағы ірі оқу орындарының бірі деп айтсақ, артық емес. Өйткені, біздер 2009жылы оқу жылында студент атандық. Сол сәттен бастап жаңа өмірге аяқ бастық. Ең алғаш ШП - 12 тобында 30 студент болып бас қостық. Тобымыздың жетекшісі қазақ тілі пәнінің оқытушысы Алтыбаева Рысты апай. Топ жетекшіміз колледждің ішкі тәртібімен таныстырып өтті. Сол күннен бастап өмірімізге жаңа өзгерістер ене бастады. Мұнда білікті,ұлағатты ұстаздардан білім алдық. Олар біздерге...20 сәуір 2012
Мұғалім мамандығы – мамандық атаулының қайнар көзі, биік тұғыры
Биыл 25 жылдың мерейтойын тойлағалы отырған Маңғыстау гуманитарлық колледжі – Ақтау қаласындағы ең таңдаулы оқу орындарының бірі. Өзі ашылғаннан бері бұл колледж қаншама «ұстаз» деген атқа лайықты мамандарды тәрбиелеп, оқытып шығарды. Оқу орнының атақ–даңқы шәкірттерінің санымен емес, жақсы атағымен шығады деп өте дұрыс айтылған сөз бар. Ал оның жақсы атағының шығуы, содан түлеген ұстаздардың өте сапалы білімінен, кәсіби шеберлігінен анық көрінеді. Мұғалім мамандығы – мамандық атаулының...16 сәуір 2012
Ол бір ең қызық та қайта оралмас студенттік кездер еді
Бір топта оқыған қыздармен бір қалада тұрып, бір–бірімізбен араласып тұрсақ та, басымыз қосылса болды, педколледжде оқыған кездеріміз ойымызға орала кетеді. Ол бір ең қызық та қайта оралмас студенттік кездер еді. 1987жылы бақытты балалық шақпен қоштасып, педколледжге оқуға келгенімізде таңдаған мамандығымыздың қиындығын бірі түсінсе, бірі түсінбейтін жаста едік. Осылай 8–сынып бітірген 15 жастағы балғындар үшін қызығы мен қиындығы қатар жүретін студенттік өмір басталып та кеткен еді. Бір...12 сәуір 2012
Сырт көз айдары
Маңғыстау гуманитарлық колледжі жайлы сырт көз не дейді... Ендеше, колледждің кешегі түлектеріне сөз берейік. Анесова А: «Маған кейде колледж үлкен жанұя сияқты. Бір-бірі үшін күйініп–қуанатын, қиналса демейтін, алауыздық дегенді білмейтін, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын жанұя мүшелеріндей.»; «Білімсіз мыңды мертіктірер дегендей, біздің колледжде білімсіз жан бар деу қиын. Сондай–ақ, ондағы ұлағатты ұстаздардың студентке берер білім нәрін, тәлім-тәрбиесін,...7 сәуір 2012
Колледж жайлы бірер сөз
Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана колледжге келіп құжат тапсырып жүр едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы бірер сөз айтсам... Ақтау қаласынан орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық колледжі бүгінде абыройлы колледждердің бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл толды. Осы уақытқа дейін түлеп...