Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Тәрбие жұмыстары, жоспары, есебі.

0

Ұстаз – ұлағатты есім

 Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Міне, сол себепті де мен мұғалім мамандығын таңдадым.

Мен киелі білім ордасы - Маңғыстау Гуманитарлық Колледжінде  "010503 3 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі" мамандығы бойынша 2011 жылы оқуға түстім.

Маңғыстау гуманитарлық колледжі – арнаулы орта оқу орны. 1983 жылдары Маңғышлақ педагогика училищесі болып ашылған. 1991 жылы Маңғыстау педагогика колледжі, ал 1997 жылдан бастап, Маңғыстау гуманитарлық колледжі деп аталуда. Биыл қасиетті де киелі оқу орнына 30 жыл толып отыр. Міне, осы 30 жылда біздің колледжіміз қаншама білікті де білімді, өз мамандықтарының қыр-сырын меңгерген саналы жас мамандарды тәрбиелеп шықты. Бүгінгі таңда сол мамандар еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Олардың арасында елімізге танымал жандар да бар.

Біздің колледж -  Қазақстан Республикасының кәсіптік коллеждері арасында үздік колледж, жылдың үздік колледжі сынды атақтарға ие болды. Мұнда өз істерінің хас шеберлері еңбек етуде. Ұлағатты ұстаздарымыздың көбі Қазақстан Республикасы білім беру озаты атағына ие болған.

Менің ойымша, тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындауымыз қажет.

АБ - 32 тобының студенті Әсем Сартбаева

 





19 қаңтар 2024

Тәрбие жұмысы бойынша бірінші жартыжылдық есебі 2023-2024 оқу жылы

Колледжде тәрбие жұмысы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дайындаған 2023-2024 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізінде кешенді жоспар құрылып іске асырылды. Негізгі бағыт Ұлттық құндылықтар: Ø  ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, Ø  АР-ҰЯТ, Ø  ТАЛАП  болып бөлінді.   Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.   Колледжде биылғы оқу жылында 48 топ бар, барлық топтарда жетекшілері жұмыс істейді. Колледжде...

4 қаңтар 2023

Тәрбие жұмысы бойынша 2022-2023 оқу жылының I жарты жылдық есебі

2022-2023 оқу жылының I жарты жылдық есебі  ...

31 тамыз 2022

2022-2023 оқу жылындағы тәрбие бойынша жұмыс жоспары

2022-2023 оқу жылындағы тәрбие бойынша жұмыс жоспары  ...

30 маусым 2022

2021-2022 оқу жылының тәрбие жұмысы бойынша есебі

2021-2022 оқу жылының тәрбие жұмысы бойынша  есебі  ...

14 қаңтар 2022

Сауалнама

Студенттерге ...

31 тамыз 2021

2021-2022 оқу жылындағы тәрбие бойынша жұмыс жоспары

2021-2022 оқу жылындағы тәрбие бойынша жұмыс жоспары  ...

30 маусым 2021

2020-2021 оқу жылының тәрбие жұмысы бойынша есебі

2020-2021 оқу жылының тәрбие жұмысы бойынша  есебі  ...

9 мамыр 2021

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде Черноль АЭС-індегі ядролық апатқа 35 жыл және Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына байланысты іс-шаралар жоспарлы іске асырылды. Мақсаты: Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл толғанын, Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлердің ерліктері туралы жеткізу. Жастардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту...

9 мамыр 2021

Экология апталығы

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде 26-30 сәуір аралығында экология апталығы болып өтті. Мақсаты: Адамның бойында табиғатпен байланыс туралы түсініктерін жетілдіру. Жастардың экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Экологиялық проблемаларды түсіну, моральдық және экологиялық жауапткершілікті қалыптастыру. Өткізілген іс- шаралар келесідей мазмұнда болды: 1,2 курс студенттер арасында «Жер–біздің ортақ үйіміз!» тақырыбында...

9 мамыр 2021

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстан Республикасы мемлекетінің Тәуелсіздігін қорғайтын азаматтар қатары көбейе берсін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және елімізге бейбітшілік тілейміз! Колледжде 06.05.2021ж. күні Отан қорғаушылар күніне орай колледж азаматтары арасында спорттық жаттығулар «Мерген сайысы» өткізіліп, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, топтар арасында студенттер құттықтау сөздері...

9 мамыр 2021

9 мамыр-Жеңіс күні.

9 мамыр-Жеңіс күні. Бұл мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалары сөзсіз. Жастарымыз ел қорғаған ерлердің есімін қастерлеуге, оны ұмытпауға тиіс. Баршаңызды ұлы Жеңіс күнімен құттықтай отырып, бақытпен татулық, әрбір отбасына аманшылық тілейміз! Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле...

2 ақпан 2021

Тәрбие жұмысы бойынша бірінші жартыжылдық есебі

Тәрбие жұмысы бойынша бірінші жартыжылдық есебі 2020-2021оқу жылы  ...

31 тамыз 2020

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

Тәрбие жұмыс жоспары 2020-2021 оқу жылы  ...

8 сәуір 2020

Тәрбие жұмысы бойынша I жартыжылдық есебі 2019-2020 оқу жылы

...

8 сәуір 2020

Тәрбие жұмысы бойынша 1 жартыжылдық есебі 2019-2020 оқу жылы

...

8 сәуір 2020

Оқудан тыс іс-әрекет жобасының рефлексивті есебі

...

8 сәуір 2020

Студенттер мен оқытушылар бос уақыты

...

8 сәуір 2020

2019-2020 План/План рус18.

...

8 сәуір 2020

2019-2020, 1 жартыжылдық

...

8 сәуір 2020

Тәрбие есебі 2019-2020,1 жартыжылдық

...

31 мамыр 2019

2018-2019 оқу жылындағы оқытушылардың инновациялық жұмыс тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату бойынша жасалатын жұмыс жоспары

...

31 мамыр 2019

Тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі 2018-2019 оқу жылының

...

31 мамыр 2019

Оқудан тыс іс- әрекеттердің жобасының жоспары

...

20 мамыр 2019

Оқу-тәрбие жұмысы құрлымы

...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері