0
Аманова Айзада
Менің атым Аманова Айзада. Мен Маңғыстау гуманитарлық колледжінде,бастауыш білім беру мұғалімі, факультетінде оқыдым. Біздің колледж тек Ақтау қаласындағы ғана емес, обылыс бойынша ең керемет білім ордасы. Осы колледжге ең алғашқы рет қадам басқанымда өте куандым, өткені мені мұғалімдер өздерінің жарқыраған жүздерімен, күлімдеп қарсы алды. Бұл колледж мен үшін екінші үйім болды, ал жетекшім Зиганшина Гульнара екінші анамдай. Біздер жақсы және білімді ұстаздар болу үшін барлық мұғалімдер өз білгендерін үйретті, солардың арқасында біз практикамызда үйреткенді қолдана білдік, балаларға жақындай түстік. Ұстаз деген ең алдымен өзінің таңдаған маманын жақсы меңеріп,жақсы көру керек өткені біз болашақ азаматтарды дайындаймыз, осындай жауапкершілікті бізге үйреткен осы колледждің мұғалімдері мен директоры - Ушакова Анна Васильевна.
Алғашқы рет өзімді мұғалім сезінген кезім бұл дипломдық практика кезі. Сол практикада біз мұғалім ретінде балаларды қарсы алып, сабақ өткіздік. Алғашқы күндері қиын болды, бірақ біз қиындықтарды жеңе білдік.Өзіңді класс жетекші ретінде сезінген ең керемет сезім, алдыңда кішкентай бүлдіршіндер күлімдеп қарағанда мамандық таңдаудан қателеспегеніңді түсінесің. Практикадан кейін біздің ұстаз болу мақсатымыз арта түсті.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Сондықтан өзімнің топтастарым және болашақ бітірушілер өнегелі ұстаздар болады деп сенемін.
4 жыл ішінде осы колледждің кабырғасында өткен күндерім ең керемет те, ең есте қаларлық кездер. Соңғы қоңырау кезінде журектеріміз ерекше соғып, қыймастық сезім пайда болды. Кеше ғана табалдырығын атағандай едік енді міне осындай колледждің Жас мамандары болдық.
Білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын керемет колледж бен білімді де, аділетті мұғалімдер мен директор жоқ деп білем. Маңғыстау гуманитарлық колледжінің түлегі болғаныма мақтанам.
Мұғалімдеріме және директорға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ өмір тілеймін. Сендерге алғысым шексіз, рахмет сіздерге.
12 сәуір 2012
Маңғыстау педагогикалық колледжі – қаламыздағы мақтаулы оқу орындарының бірі.
Бұл колледж 1983 жылы 12 сәуірде ашылғаннан бері «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша қалаға, қала берді облысқа танымал талай ұстаздарды тәрбиелеп шығарды. Сол алғашқы «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша бітірушілердің бірі болып №16 орта мектепте ұстаздық ететін, мектебіміздің мақтанышына айналған Байдуллаева Қамқаш Тәжіғалиқызы 1 санатты, шәкірттеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп жүрген ұстаз. Ол 2005 жылы «Қалалық әдістемелік идеялар» байқауына қатынасып IV...7 сәуір 2012
Колледж жайлы бірер сөз
Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана колледжге келіп құжат тапсырып жүр едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы бірер сөз айтсам... Ақтау қаласынан орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық колледжі бүгінде абыройлы колледждердің бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл толды. Осы уақытқа дейін түлеп...