0
Аяпова Ляззат
Мен Маңғыстау гуманитарлық
колледжінің түлегі Аяпова Ляззат
Нұрболатқызы 2009 – 2012 жылдар аралығында
«Аударма ісі» мамандығын ойдағыдай
тамаша бітірдім. Колледж табалдырығын
аттағалы мұғалімдерден білім және жақсы
тәлім – тәрбие алдым. Соның ішінде жылы
лебіз көрсеткен колледж директоры
Ушакова Анна Васильевнаға, білім беріп
жетелеген ұстаздарым Кереева Оксана
Жылқыбаевна, Мереева Клара Сандировна,
Сарбалина Гүлбаршын Жасұланқызы, Азанова
Сарсенбибі Оразалиевна және т.б. қадірлі
ұстаздарыма алғысым шексіз.
20.01.12 – 15.03.12 ж. аралығында өндірістік практикамды «Халлибуртон Интернэшнл, Инк.» мекемесінде өткіздім. Бұл мекеме Қазақстанда мұнай игеру саласындағы жақсы дамып әрі өркендеген алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі болып есептеледі. Сол себепті мен бұл мекемеде практикамды өткізуді ұйғардым. Мекеме филиалы бойынша менің өндірістік практика жетекшім «Халлибуртон Интернэшнл, Инк.» мекемесі филиалының Радиациялық қауіпсіздік және өнеркәсіптік санитария бойынша әкімшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Турдиев Қанат Абдусалимұлы болды.
Өндірістік практика кезінде құжаттармен дұрыс жұмыс жасауды, оларды орыс – ағылшын тілдеріне аударуды, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасауды және түрлі өндірістік жұмыстарды меңгеру бағыттары бойынша үлкен тәжірибе алдым. Сонымен қатар ұжым арасында белсенділік көрсетіп, мекеме қызметкерлерімен тез арада тіл табыса отырып, мекеме филиалына көмек көрсету, мен үшін үлкен ғанибет әрі мол тәжірибе болды. Сол себепті маған болашақтағы жұмыс бағытын көрсете білген практика жетекшісі Турдиев Қанат Абдусалимұлына рахметімді айтамын. Осындай тәжірибе алуыма Маңғыстау гуманитарлық колледжінің қосқан үлесі зор.
Қазіргі заманда Қазақстан Республикасы қарқынды даму үстінде, ал оның болашағының дамуы біздің қолымызда. Яғни, ол үшін біздер, қазіргі болашақ жастар, ерінбей білім алып, еңбек етіп, еліміздің туын көтеріп, оның көркеюіне зор үлесімізді қосу, біздің міндетіміз!
12 сәуір 2012
Маңғыстау педагогикалық колледжі – қаламыздағы мақтаулы оқу орындарының бірі.
Бұл колледж 1983 жылы 12 сәуірде ашылғаннан бері «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша қалаға, қала берді облысқа танымал талай ұстаздарды тәрбиелеп шығарды. Сол алғашқы «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша бітірушілердің бірі болып №16 орта мектепте ұстаздық ететін, мектебіміздің мақтанышына айналған Байдуллаева Қамқаш Тәжіғалиқызы 1 санатты, шәкірттеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп жүрген ұстаз. Ол 2005 жылы «Қалалық әдістемелік идеялар» байқауына қатынасып IV...7 сәуір 2012
Колледж жайлы бірер сөз
Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана колледжге келіп құжат тапсырып жүр едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы бірер сөз айтсам... Ақтау қаласынан орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық колледжі бүгінде абыройлы колледждердің бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл толды. Осы уақытқа дейін түлеп...