Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

«Жастар комитеті» жұмысы

0

Жарылгасова Жадыра

 Өмірдің сәтті шағы, тәтті шағы
Студенттік өмірдің атты таңы
Бүгін де сол шақтардың сәтті болған
Жарқыраған бір күні батты тағы!

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып студенттік шақтар қалатын шығар. Студенттік өмір – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, адамның есте қалар ерекше кезеңі ғой. Бізге білім ғана емес, өмірлік тәрбие бере білген ыстық ұя, білім ордамыз Маңғыстау гуманитарлық колледжі болды. 2008 жылы аталған оқу орнының есігін аттаған оқушы, бүгінде өсер елдің тірегі бола алатын белді студент, болашақ маман атандық. Осынау білім ордасының қабырғасында қаншама ұмытылмас  қызығы мен шыжығы мол сәттер өтті.  Енді, міне, жастық шақтың бір ұшқынымен қоштасатын сәт жақын қалған екен. Көзді ашып-жұмғанша 4 жылымыз зу етіп зымырап өтті.  Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргіміз келген колледжімізбен  қимастықпен қоштастық. Колледж қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Колледж қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір тоқсан минут студенттік шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Арада қанша жыл өтседе, қанша жасқа келсем де, қандай адам болсам да студенттік шақтарым өткен колледжім жүрегімнің төрінде болатыны анық. Колледжім үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады.

Ұстазсыз шәкірт тұл.. Бар ынта-жігерін бізге жұмсаған апай-ағайларымызға және осынау болашағы жарқын отауды басқарып отырған, тәртіп пен білім бұлағын лайлатпай жүрген колледж директоры Ушакова Анна Василийқызына айтар алғысымыз шексіз! Бергені көп, берері одан да көп білім ордамызға айтар алғысымыз, ізгі ниетіміз шексіз. 





12 сәуір 2012

Маңғыстау педагогикалық колледжі – қаламыздағы мақтаулы оқу орындарының бірі.

 Бұл колледж 1983 жылы 12 сәуірде ашылғаннан бері «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша қалаға, қала берді облысқа танымал талай ұстаздарды тәрбиелеп шығарды.  Сол алғашқы «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша бітірушілердің бірі болып №16 орта мектепте ұстаздық ететін, мектебіміздің мақтанышына айналған Байдуллаева Қамқаш Тәжіғалиқызы 1 санатты, шәкірттеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп жүрген ұстаз. Ол 2005 жылы «Қалалық әдістемелік идеялар» байқауына қатынасып IV...

7 сәуір 2012

Колледж жайлы бірер сөз

Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана колледжге келіп құжат тапсырып жүр едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы бірер сөз айтсам...  Ақтау қаласынан орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық колледжі бүгінде абыройлы колледждердің бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл толды. Осы уақытқа дейін түлеп...

 

12

 

ҚР мемлекеттік рәміздері