0
Жүрегі дархан – Ұстаздар
Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …
Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» дәл тауып айтылған. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Ғалым да,батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған диқан да барлығы ұстаз алдынан өткен, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді, сыйлайды, құрметтейді.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған кішкентай ғана балаларды таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің ұстаздарға барынша құрметпен қарайды деп ойлаймын.
Ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.
Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, шыдамдылықтың үлгісі, өз бойындағы асыл қасиеттерін болашақ маман иелеріне жаңашылдықтың бастаушысы деп білемін. Дәл осындай ұстаздар біздің Маңғыстау гуманитарлық колледжіндеде жетерлік. Біздің ұстаздар өте білімді. Бар білгенін бізге үйретіп болашақта жақсы маман иесі етіп шығуға жетелейді. Біздің колледжде Ақмамбетова Д.Б., Елдашбаева А.С., Ешпанова Г.А., Кдырова Г.Г. сияқты ұлағатты ұстаздар бар. Болашақта дәл осы ұстаздар ұстаз болу менің арманым. Барлық ұстаздарға дендеріне саулық, отбасына бақ пен береке тілеймін. Жұмыстарыңыз алға өрлей берсін.
БА – 11 тобының студенті Жайықова Тұрсынай,
2015 – 2016 оқу жылы
12 сәуір 2012
Маңғыстау педагогикалық колледжі – қаламыздағы мақтаулы оқу орындарының бірі.
Бұл колледж 1983 жылы 12 сәуірде ашылғаннан бері «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша қалаға, қала берді облысқа танымал талай ұстаздарды тәрбиелеп шығарды. Сол алғашқы «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша бітірушілердің бірі болып №16 орта мектепте ұстаздық ететін, мектебіміздің мақтанышына айналған Байдуллаева Қамқаш Тәжіғалиқызы 1 санатты, шәкірттеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп жүрген ұстаз. Ол 2005 жылы «Қалалық әдістемелік идеялар» байқауына қатынасып IV...7 сәуір 2012
Колледж жайлы бірер сөз
Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана колледжге келіп құжат тапсырып жүр едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы бірер сөз айтсам... Ақтау қаласынан орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық колледжі бүгінде абыройлы колледждердің бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл толды. Осы уақытқа дейін түлеп...