7 сәуір 2012
Колледж жайлы бірер сөз
Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана
колледжге келіп құжат тапсырып жүр
едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл
қалай зымырап өте шыққанын байқамай да
қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен
әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей
көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы
бірер сөз айтсам... Ақтау қаласынан
орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова
басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық
колледжі бүгінде абыройлы колледждердің
бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл
толды. Осы уақытқа дейін түлеп ұшқан
түлектер қазіргі таңда өз істерінің
шебер мамандары. Халыққа адал қызмет
етуде. Осы жылдар ішінде колледж жаңарып,
өркендеп халық алғысына кенелуде. Олай
дейтінім колледжде, қазіргі заман
талабына сай білім алуға барлық жағдай
жасалған. Алтын ұя мектептен түлеп
келген түлектерге қалауына қарай маман
иесі болуларына толық мүмкіндік бар.
Жалпы колледж тазалағымен, жан –
жақтылығымен, ұйымшыл да ынтымақты
ұжымымен ерекшеленіп, абыройлы колледждің
бірі болуының өзі колледж басшысы
А.В.Ушакова ханымның арқасы, яғни ерен
еңбегінің жемісі. Тіпті мұнда дәріс
беретін ұстаздар қауымы өз алдына
ерекше! Біздерді төрт жыл бойы білім
нәрімен сусындатып, бойымызға тәрбие
ұялатқан ұстаздардың орны әрине ерекше!
Атап айтқанда, Рысты Алтыбайқызы, Шәнзия
Даулетқызы, Сара Айтбайқызы, Ақшолан
Аманбекқызы. Осындай өз істерінің
шебері, мықты әдіскерлер, бір туар ұлы
тұлғалардан дәріс алуымыздың өзі біз
үшін бақыт. Осы колледжде өткен төрт
жылымыз жүрегімуздің төрінде мәңгі
сақталады. Осы колледжді оқып, білім
алғанымызды мақтанышпен айта аламыз.
Аттанамыз енді жаңа өмірге, Сенім
артып, колледж берген біліміне. Ұлы
тұлға, ұстаз болу мақсатымыз, Дақ
келтірмей колледждің сеніміне.
ШП
– 41 тобының студенттері
12 сәуір 2012
Маңғыстау педагогикалық колледжі – қаламыздағы мақтаулы оқу орындарының бірі.
Бұл колледж 1983 жылы 12 сәуірде ашылғаннан бері «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша қалаға, қала берді облысқа танымал талай ұстаздарды тәрбиелеп шығарды. Сол алғашқы «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша бітірушілердің бірі болып №16 орта мектепте ұстаздық ететін, мектебіміздің мақтанышына айналған Байдуллаева Қамқаш Тәжіғалиқызы 1 санатты, шәкірттеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп жүрген ұстаз. Ол 2005 жылы «Қалалық әдістемелік идеялар» байқауына қатынасып IV...7 сәуір 2012
Колледж жайлы бірер сөз
Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана колледжге келіп құжат тапсырып жүр едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы бірер сөз айтсам... Ақтау қаласынан орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық колледжі бүгінде абыройлы колледждердің бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл толды. Осы уақытқа дейін түлеп...