Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

«Жастар комитеті» жұмысы

0

Менің оқу орным туралы...

 Ақырын жүріп анық  бас

Еңбегің  кетпес  далаға

Ұстаздық етпес  жалықпас

Үйретуден  балаға... - деп Абай атамыз  айтқандай, осынау  қиыны  мен қызығы мол мамандық иесі  болу – менің  де арманым. Ұстаз  болу оңай  емес. Оның  қыры  мен  сырына үңіліп, оны меңгеру үшін  Ақтау  қаласының 2 шағын ауданында орналасқан қасиетті шаңыраққа  келіп  мен  де  бағымды  сынап, киелі оқу орнының студенті атандым.

Бұл киелі орда - Маңғыстау  гуманитарлық  колледжі.

Маңғыстау  гуманитарлық  колледжі  - шартарапқа шәкірттерін  жыл  сайын ұшырып отырған оқу орны. Озық  білімді, ұшқыр  ойлы, жаңашыл, өз  ісінің маманы  деген  ұлағатты  ұстаздар осы -  оқу  орнының түлектері.

Мен,  «Бастауыш  білім  беру»  мамандығы  бөлімінде  оқып, шыңдалудамын. Осы  мамандықты таңдағаныма қуаныштымын. Мұнда өз арманыңа қол жеткізуге мол  мүмкіндіктер қарастырылған. Біздер үшін өз ісінің шеберлері: Алтыбаева Рысты  Алтыбайқызы, Ақмамбетова  Дина  Байқуанқызы, Дәрібаева Гульнар Кубаевна, Қозыбақова Алтын  Панзабекқызы, Елдашбаева Амангүл Сарықтұрдықызы  сынды мамандар  жалықпай  білім  беруде...

Біз  оқитын  ШБ – 11  тобында 25 студент білім алуда. Бәріміз бір үйдің балаларындай тату - тәтті, ұйымшыл топпыз.  Осы  оқу ордасынан керемет  достар таптым  десем де  артық  болмас еді. Топ  жетекшіміз Айна  Кемелқызы  бізбен  үнемі тығыз байланыста. Ол әрқашан  бізге  дұрыс  бағыт  беріп, бізді  қолдап, қолпаштап  отырады.

Мен  бұл  мамандықты  таңдаған  себебім,  кішкентай  бүлдіршіндерге  білім  нәрін  сусындатып  келешекте өзінің мақсатына жететіндей  жақсы  елдің азаматы  қылып шығару.  Менің мақсатым – кішкентай балаларға қалам ұстатып, алғашқы кітабы «Әліппені» жаттатып, оқу – жазуға үйретіп, білімді, өнерлі, ақылды шәкірт дайындап шығару. Бұйыртса, осы 4  жыл ішінде  осы  ойлаған  мақсаттарыма  жетем  деген  үміттемін.

Осы  Маңғыстау  гуманитарлық  колледжінде  оқып жатқанымды  мақтан  етемін.

Мен  аталған оқу ордасындағы ұстаздардың, бірге оқитын достарымның, жанашыр ата – анамның  қолдауларының  арқасында  өз  арманыма, мақсатыма  жетіп,  өте  жақсы  білімді  де  білікті  маман иесі  болып шығатыныма  сенемін.

                                                     ШБ – 11 тобының студенті Жәңгірова  Асима

 





12 сәуір 2012

Маңғыстау педагогикалық колледжі – қаламыздағы мақтаулы оқу орындарының бірі.

 Бұл колледж 1983 жылы 12 сәуірде ашылғаннан бері «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша қалаға, қала берді облысқа танымал талай ұстаздарды тәрбиелеп шығарды.  Сол алғашқы «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша бітірушілердің бірі болып №16 орта мектепте ұстаздық ететін, мектебіміздің мақтанышына айналған Байдуллаева Қамқаш Тәжіғалиқызы 1 санатты, шәкірттеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп жүрген ұстаз. Ол 2005 жылы «Қалалық әдістемелік идеялар» байқауына қатынасып IV...

7 сәуір 2012

Колледж жайлы бірер сөз

Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана колледжге келіп құжат тапсырып жүр едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы бірер сөз айтсам...  Ақтау қаласынан орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық колледжі бүгінде абыройлы колледждердің бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл толды. Осы уақытқа дейін түлеп...

 

12

 

ҚР мемлекеттік рәміздері