0
Оңбосынова Данагүл Жанкелдіқызы
Мен, Оңбосынова Данагүл Жанкелдіқызы, «Бастауыш
білім беру
ісіндегі шетел тілі мұғалімі» мамандығы бойынша 2008 жылы Маңғыстау
гуманитарлық
колледжінің табалдырығын
аттап , 2012жылы оқуымды аяқтадым. Колледж
қабырғасында оқып жүргенімде
бірнеше ұстаздар бізді білімді, инабатты педагог
болуға тәрбиеледі. Ұлағатты
ұстаздардың арқасында болашақта оқушыларға білім нәрін сеуіп,
адамгершілікке
тәрбиелеп, халқына қалаулы, еліне елеулі азамат
пен азаматшаларды қалай тәрбиелеуге, болашаққа қалай жетелеуге болатынын
үйрендім. Маңғыстау
гуманитарлық колледжі бірнеше ұлт өкілдері білім
алатын, ынтымақтастығы мол колледж. Себебі, бұл мекенде тек қана қазақ
балалары ғана емес сонымен қатар орыс, ұйғыр, татар, кәріс және т.б
көптеген ұлт өкилдери
қазақ және орыс тілінде білім алады. Колледж тек
қана білім берумен шектеліп қана қоймай, студенттердің әр түрлі
үйірмелерге қатысуларына барлық
мүмкіндік жасай білді. Атап айтсақ:
домбыра, би, ән айту, көңілді жастар клубы,
және сурет көрмелері болашақ мұғалімдердің сан қырлы қабілеттерін ашуға
көмектесті. Мұғалімнің жан - жақты болуы болашақ шәкірттердің де
білімді, өнерлі, өрелі болуына
көмектеседі.
Осы 4 жыл ішінде бірнеше достар тауып, мұғалімдермен де жаксы қарым-қатынаста болдым. Колледжде откізген әрбір күнім мен үшин үлкен куаныштар сыйлайды! Әрбір сәт яғни кітапханадағы,асханадағы окиғалар, қызықты жағдайлардың бәрі-бәрі есімде қалмақ.
Шіркін, шіркін, қандай ғажап
Студенттік жылдарым.....
Таусылмайтын дастандар көп
Жазылмаған жырларым....
Сен де сұлу, мен де сұлу
Шақтар еді кешегі
Студент кез-сағындырар
Жұмақ күндер деседі.
Мен сүйікті колледжімді үздік дипломмен аяқтадым. Оның жауапкершілігін де сезінемін, сондықтан болашақта колледжімнің абыройын асқақ ұстауға бар күшімді саламын. Білім берген ұстаздарға, колледж ұжымына айтатын алғысым өте шексіз! Сол ұстаздардың барлық жақсы қасиеттерін бойыма жинап, жадымнан шығармай, қиналған сәтте көмектесетін қасиетті құралым деп ойлаймын!
Маңғыстау гуманитарлык колледжі
Тәрбиелі жас мамандар мекені
Болашаққа үлкен үміт күттіріп,
Студентке білім беріп келеді.
12 сәуір 2012
Маңғыстау педагогикалық колледжі – қаламыздағы мақтаулы оқу орындарының бірі.
Бұл колледж 1983 жылы 12 сәуірде ашылғаннан бері «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша қалаға, қала берді облысқа танымал талай ұстаздарды тәрбиелеп шығарды. Сол алғашқы «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша бітірушілердің бірі болып №16 орта мектепте ұстаздық ететін, мектебіміздің мақтанышына айналған Байдуллаева Қамқаш Тәжіғалиқызы 1 санатты, шәкірттеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп жүрген ұстаз. Ол 2005 жылы «Қалалық әдістемелік идеялар» байқауына қатынасып IV...7 сәуір 2012
Колледж жайлы бірер сөз
Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана колледжге келіп құжат тапсырып жүр едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы бірер сөз айтсам... Ақтау қаласынан орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық колледжі бүгінде абыройлы колледждердің бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл толды. Осы уақытқа дейін түлеп...