Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

«Жастар комитеті» жұмысы

0

Сырт көз айдары

Маңғыстау гуманитарлық колледжі жайлы сырт көз не дейді...
Ендеше, колледждің кешегі түлектеріне сөз берейік.

Анесова А: «Маған кейде колледж үлкен жанұя сияқты. Бір-бірі үшін күйініп–қуанатын, қиналса демейтін, алауыздық дегенді білмейтін, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын жанұя мүшелеріндей.»;
«Білімсіз мыңды мертіктірер дегендей, біздің колледжде білімсіз жан бар деу қиын. Сондай–ақ, ондағы ұлағатты ұстаздардың студентке берер білім нәрін, тәлім-тәрбиесін, үлгі–өнегесін сөзбен айтып жеткізу маған оңайға соқпас. Колледж мәдениетінің руханилығы мен материалдылығы жоғары дәрежеде жеткілікті, егер алдағы уақытта осы сәйкестіктер одан әрі өз орнын тапса – шаңырағымыздың шарықтау шегі де ұлғайып, нұр үстіне нұр болары сөзсіз,» – деген студент Д. Жұмажанованың пікіріне барлық құрбылары қосылары анық.
Студенттердің колледж туралы пікірлеріне ұлағатты ұстаздарына деген ыстық сезімге толы жалынды сөздері де сәйкес келді:
Қайрамова Қ: «А.В.Ушакова – жылы жүзді, мейірімді, адамгершілік қасиеті жоғары, жанындағыларды қамқорлыққа алып, жақсы тіл табысып, жан дүниесін түсінетін жан.»
А.Анесова: «А.В.Ушакова – қарапайым, үнемі күлімсіреп жүретін, жанарынан жинақылық пен жылылық сезілетін ұстаздардың бірі. Сөйлеген сөздеріне, қимылына қарап өте жай адам деп ойлайсың. Бірақ қысқа да нақты, талапты да талғамды сөздері жұмыстың ілгері жылжуына үлкен әсерін тигізетір сияқты.»
Абылова Ж: «А.В.Ушакова – өз ортасына өте сыйлы, кішіпейіл, өте қарапйым жан. Әрбір қадам басысынан, сөйлеген сөзінен жылулық сезіледі. Талабы өте қатал, бірақ онсыз биікке көтерілу мүмкін емес!
Омарова С.А. – Колледждегі ең сыйлы, ардақты ұстаздың бірі. Көп сөйлемейтін, байсалды, салмақты, қазақ әйелдерінде көп кездесе бермейтін өр мінезді жан. Әрбір сөзін анық, нық айтады. Сондықтан жаман мен жалқаудың құтын қашырары сөзсіз.
Шамшадин Н.Қ – өте салмақты, тік мінезді, көп «мыжыңдықты» ұнатпайтын, көркем тілді, сезімтал жан. Сабақты алғаш бастағаннан–ақ адамды өзіне баурап алады.»
– Жұмажанова Д: «Омарова С.А – мәдениеттілігі, ақылдылығы, байсалдылығы, өмірге көзқарасы жоғары ұлағатты ұстаз. Қарапайым да қатал апайымыздың ұрысқанда студентті ойландырып, толғандырар қасиеті бар.»
Шапахов А: «Әрбір шәкірттің жүрегінду өзінің бір жақсы көретін, «құдайдай» сыйлайтын мұғалімі болады. Менің идеалым – Сара Айтбайқызы. Бұл кісі менің азамат болып қалыптасуыма, адамдар арасындағы қарым–қатынасты зерттей білуім және ең маңыздысы – мәдениеттілік, ақылдылық деген адамға ең қажетті қасиеттерді маған оқыта білді, көрсетті. Бұл кісі менің болашақ өмірімде ардақты ұстаз, аса зор ақылдылық пен асқан мәдениеттіліктің, байсалдылықтың, көрегенділіктің символы ретінде қалыптасады.»
Қайырова Б:
«Сен де бір кірпіш дүниеге
Тетігін тап та бар қалан – деп Абай атамыз айтқандай өмірдегі өз орнын, өз беделін білетін жан деп Тәртіпті Әлиқызын айтқым келеді. Ол кісінің бойындағы тұнып тұрған білім қайнары алдына келген шәкірттерді сусындыра біледі.»  





12 сәуір 2012

Маңғыстау педагогикалық колледжі – қаламыздағы мақтаулы оқу орындарының бірі.

 Бұл колледж 1983 жылы 12 сәуірде ашылғаннан бері «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша қалаға, қала берді облысқа танымал талай ұстаздарды тәрбиелеп шығарды.  Сол алғашқы «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша бітірушілердің бірі болып №16 орта мектепте ұстаздық ететін, мектебіміздің мақтанышына айналған Байдуллаева Қамқаш Тәжіғалиқызы 1 санатты, шәкірттеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп жүрген ұстаз. Ол 2005 жылы «Қалалық әдістемелік идеялар» байқауына қатынасып IV...

7 сәуір 2012

Колледж жайлы бірер сөз

Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана колледжге келіп құжат тапсырып жүр едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы бірер сөз айтсам...  Ақтау қаласынан орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық колледжі бүгінде абыройлы колледждердің бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл толды. Осы уақытқа дейін түлеп...

 

12

 

ҚР мемлекеттік рәміздері