0
Ұстаз – ұлағатты есім
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін
білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие
беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,
адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде
ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол
әрдайым қасиетті тұлға ретінде
ерекшеленеді. Міне, сол себепті де мен
мұғалім мамандығын таңдадым.
Мен киелі білім ордасы - Маңғыстау Гуманитарлық Колледжінде "010503 3 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі" мамандығы бойынша 2011 жылы оқуға түстім.
Маңғыстау гуманитарлық колледжі – арнаулы орта оқу орны. 1983 жылдары Маңғышлақ педагогика училищесі болып ашылған. 1991 жылы Маңғыстау педагогика колледжі, ал 1997 жылдан бастап, Маңғыстау гуманитарлық колледжі деп аталуда. Биыл қасиетті де киелі оқу орнына 30 жыл толып отыр. Міне, осы 30 жылда біздің колледжіміз қаншама білікті де білімді, өз мамандықтарының қыр-сырын меңгерген саналы жас мамандарды тәрбиелеп шықты. Бүгінгі таңда сол мамандар еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Олардың арасында елімізге танымал жандар да бар.
Біздің колледж - Қазақстан Республикасының кәсіптік коллеждері арасында үздік колледж, жылдың үздік колледжі сынды атақтарға ие болды. Мұнда өз істерінің хас шеберлері еңбек етуде. Ұлағатты ұстаздарымыздың көбі Қазақстан Республикасы білім беру озаты атағына ие болған.
Менің ойымша, тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындауымыз қажет.
АБ - 32 тобының студенті Әсем Сартбаева
12 сәуір 2012
Маңғыстау педагогикалық колледжі – қаламыздағы мақтаулы оқу орындарының бірі.
Бұл колледж 1983 жылы 12 сәуірде ашылғаннан бері «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша қалаға, қала берді облысқа танымал талай ұстаздарды тәрбиелеп шығарды. Сол алғашқы «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша бітірушілердің бірі болып №16 орта мектепте ұстаздық ететін, мектебіміздің мақтанышына айналған Байдуллаева Қамқаш Тәжіғалиқызы 1 санатты, шәкірттеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп жүрген ұстаз. Ол 2005 жылы «Қалалық әдістемелік идеялар» байқауына қатынасып IV...7 сәуір 2012
Колледж жайлы бірер сөз
Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана колледжге келіп құжат тапсырып жүр едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы бірер сөз айтсам... Ақтау қаласынан орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық колледжі бүгінде абыройлы колледждердің бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл толды. Осы уақытқа дейін түлеп...