Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары, есебі

16 қазан 2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы СТАНДАРТ

1. Жалпы ереже

1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – оқу орны) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының , Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген және ұсынымдық сипатқа ие.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК болып табылады.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжіне арналған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:

1) Колледжде жұмыс істейтін адамдардың нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде жұмыс істейтін адамдарға арналған ұсынымдарды анықтайды.

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартың негізіне сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу көзқарасы тұрғысынан:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қамтитын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау;

3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындау;

4) тиісті тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар қарым-қатынас кезінде лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер алынған.

2. Қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс
істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекеттері) стандарттары
(ұсынымдары)

 

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қамтитын тиісті салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

2) Қазақстан халқының бірлігі мен еліміздің ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа де тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу;

3) жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестермен қарым-қатынас жасауда адал, әділ, қарапайым болу, көпшілік мақұлдаған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық және биязылық таныту;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімнің айқындылығын қамтамасыз ету;

5) өз әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырауға, сынның артына түспеуге жол бермеу, өз әрекетінің кемшіліктерін жою және жақсарту үшін конструктивті сынды қолдану;

6) жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызмет және басқа адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

7) шындыққа сәйкес емес мәліметтерді таратпау;

8) заң бойынша тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген қылықтар мен өзге де заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу;

9) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы орындауды қамтамасыз ету, еңбек тәртібі мен шарттарын сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету.

9. Мемлекеттік қызметті және басқа да рұқсат беру қызметтерін көрсету кезінде:

1) тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

2) қолжетімді түрде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну;

3) қарастырылмаған құжаттарды сұратып алуға жол бермеу, мемлекеттік қызмет пен басқа да рұқсат беру функцияларын көрсету барысында әртүрлі әуре-сарсаңнан (салғырттықтан) аулақ болу;

4) сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезінде басшылыққа жеткізу;

5) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік танытып, мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету.

10. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде мыналар ұсынылады:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсыну;

3) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

4) сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол бермеу;

5) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Бірыңғай борышкерлер тізіліміне қосылған әлеуетті жеткізуші және (немесе) оларға тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде катысушыға жол бермеу.

11. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:

1) қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық әрекетіне және сыйлық алу итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу;

2) жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және басқа да адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

3) әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлық жасамау және мүліктік пайда немесе артықшылық пайда алу үшін қызметтік өкілеттілікті пайдалана отырып қызметтік емес қызмет көрсетпеу;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықты ашуға белсенділік таныту;

5) сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болғаны туралы, сондай-ақ қандай да бір материалдарды қарауды жылдамдатқаны үшін пайда көруге итермелегені немесе әуре-сарсаңға салғаны туралы басшылыққа жеткізу;

6) атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күманданған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға жазбаша хабарлау;

7) егер мүдделер қақтығысына тікелей басшының өзі қатысты болса, жоғары тұрған басшыға жүгіну;

8) табыс табуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де әрекеттерді іске асыруда біреуге көмектесуден бас тарту.

12. Нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде:

1) нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау мен талқылауда қоғамның, бүкіл ақпараттық құралдардың міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету;

2) ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен тұрақты негізде құқықтық актілер мониторингі мен тиісті есептер дайындауды үйлестіруді қамтамасыз ету;

3) әзірленген нормативтік құқықтық актілер жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жіберуге дейін көпшілікпен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталға орналастыру;

4) сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормативтік құқықтық актілер нормаларын пайдаланбау.

13. Қызметшілерін/жұмыскерлерін таңдау мен орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде:

1) тағайындау материалдарын қараудың белгіленген мерзімін сақтау;

2) ұйымға қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;

3) кадрларды іріктеу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

4) мемлекеттік қызметкерлердің жеке деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

5) қызметке/жұмысқа үміткерден еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;

6) жұмыскерлеріне қатысты қызметтік тексеруді әділ және жан-жақты жүргізу.

14. Колледжге байланысты пайда болған басқа да өзара қатынас барысында:

1) бағынышты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттігінің көлемін нақты және анық белгілеу;

2) бағыныштағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу;

3) олардың әрекеттерінің нәтижелерін бағалау барысында, сондай-ақ мадақтау және жаза қолдану кезінде шындық және әділдік таныту,

4) бағынышты жұмыскерді орынсыз айыптауға, дөрекілік факторларына, адамның ар-намысына тиюіне, жөнсіздікке, дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу;

5) олардың лауазымдық міндеттерінен тыс немесе орындалмайтын, сондай-ақ заңға қайшы тапсырма бермеу;

6) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында бағыныштылардың әрекеттеріне эсер ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

7) бағыныштыларды сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық жасауға итермелемеу;

8) өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды өз уақытында кабылдау;

9) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда, мүлікті қызметтік мақсатта ұтымды, тиімді пайдалану.

 





29 қыркүйек 2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша қыркүйек айында өткізілген шаралар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша қыркүйек айында өткізілген шаралар  ...

29 қыркүйек 2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәлелелерін түсіндіру бойынша өткізілген жиналыстың хаттамалары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы заңнама талаптарын сақтау мәлелелерін түсіндіру бойынша өткізілген жиналыстың хаттамалары  ...

29 қыркүйек 2023

Колледждегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы колледж басшысының №105 бұйрығы

Колледждегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы колледж басшысының №105 бұйрығы ...

28 қыркүйек 2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған бағдарламалық іс - шаралар ЖОСПАРЫ

Жоспар  ...

28 қыркүйек 2023

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу кешенді жоспар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу кешенді жоспар  ...

18 мамыр 2023

«Сыбайлас жемқорлық және қоғам»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 18.05.2023 жылы «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» тақырыбында 2 курс студенттерімен топ жетекшісі М.М.Шадимуратованың ұйымдастыруымен тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.  ...

17 мамыр 2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметтер туралы үлгілік ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер 1.«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3 сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң) 2. Осы ереже сыбайлас Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде жемқорлыққа...

12 мамыр 2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызмет ережесін бекіту

Комплаенс - қызмет ережесі  ...

31 наурыз 2023

«Жемқорлыққа жол жоқ!»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары  педагогикалық  колледжінде «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 1 курс студенттері арасында топ жетекші Ж.А. Тәжіғалиеваның  ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру. Патриоттық сезімге және әділдікке тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысы барысында: • «Жемқорлық – ғасыр...

23 наурыз 2023

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу  ...

23 наурыз 2023

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулық

  Мазмұны   1. Жалпы ережелер.   2. Сыбайлас жемқорлық тәукелдерін ішкі талдау өткізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.   3.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім.   4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыттары мен критерилері.   5.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын қорытындылау.   6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін...

16 қазан 2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы СТАНДАРТ

1. Жалпы ереже 1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – оқу орны) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының , Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген және ұсынымдық сипатқа ие. 2. Сыбайлас жемқорлыққа...

5 қыркүйек 2022

2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері  ...

1 қыркүйек 2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

1. Жалпы ережелер 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саясаты (бұдан әрі – Саясат) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлерін, мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің қағидаттарын белгілейді. Саясат Қазақстан Республикасының заңнамасына, Колледждің Жарғысына және басқа да ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген.  2. Осы Саясатта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:1) сыбайлас...

16 қыркүйек 2021

"SANALY URPAQ " ЖОБАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕШЕНДІ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері  ...

7 қыркүйек 2021

2021-2022 оқу жылына арналған жоспар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері  ...

16 наурыз 2021

Жемқорлықтың жағдайы туралы білім алушылардың пікірін зерттеу бойынша сауалнама қорытындысын талдау

Колледжде жемқорлықтың жағдайы туралы білім алушылардың пікірін зерттеу бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнама жауаптары шынайы және объективті болу үшін ол Google Forms бағдарламасы арқылы қашықтан ұйымдастырылды.   ...

8 ақпан 2021

ҚАЛҚАМАН САРИН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫН» ӨТКІЗДІ

ҚАЛҚАМАН САРИН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫН» ӨТКІЗДІ  ...

1 ақпан 2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1. Жалпы ереже 2. Қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекеттері) стандарттары (ұсынымдары)  ...

26 қаңтар 2021

2021 ОҚУ ЖЫЛЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ

2021 ОҚУ ЖЫЛЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ  ...

1 қараша 2020

Оқытушылар мен қызметтік әдебінің кодексі

Оқытушылар мен қызметтік әдебінің кодексі   ...

12 қазан 2020

ӘДЕП КОДЕКСІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Осы «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» – нің  Әдеп кодексі (бұдан әрі-Кодекс) (бұдан әрі - Колледж), Еңбек шартының, Жарғының және өзге де ішкі құжаттардың талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес әзірленді және ұйым қызметкерлері басшылыққа алатын қағидалар мен қағидаттардың жиынтығын білдіреді. 2. Осы Кодекстің мақсаты -  колледжде корпоративтік мәдениетті дамыту және мінез-құлықтың үздік...

12 қазан 2020

КОДЕКС ЭТИКИ

ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ 1. Настоящий кодекс этики «Мангистауский гуманитарный колледж имени Мурын жырау Сенгирбекулы» ГККП  (далее — Кодекс) разработан в соответствии с положениями законодательства Республики Казахстан, с учетом требований Международной Организации Труда, Устава, и иных внутренних документов и представляет собой свод правил и принципов, которыми руководствуются работники организации. 2. Целью настоящего Кодекса является развитие корпоративной культуры в Организации и построение...

4 қазан 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған бағдарламалық іс-шаралар жоспары

2020-2021оқу жылы  ...

 

12

 

ҚР мемлекеттік рәміздері