0
ХАБАРЛАМА бос және уақытша бос лауазымдарға
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК, Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz 15.08.2023ж. бос және уақытша бос директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары және пән оқытушылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады.
1. «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасарының уақытша бос лауазымы. (А1-2-1лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақысы педагогикалық еңбек өтіліне байланысты айына 192189 теңгеден 233600 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
ü Білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін іске асыруды, оны ресурстық қамтамасыз етуді, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды ұйымдастырады;
ü Оқу жылына оқу-тәрбие процесін ақпараттандыруды дамыту бойынша жұмыс жоспарын әзірлейді;
ü Оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады;
ü Білім беру және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады;
ü Тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады;
ü Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогикалық және басқару кадрларын оқытуды ұйымдастырады;
ü Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды;
ü Педагогтер мен білім алушылар арасында ақпараттандыру бойынша конкурстар, конференциялар өткізуді ұйымдастырады;
ü Оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру, қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
ü Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
ü Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен нұсқаулықтарға сәйкес белгіленген есептік құжаттаманы уақтылы жасауды қамтамасыз етеді;
ü Білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, кәсіптік қайта даярлығы бар; немесе білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.
Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекс, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын; білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, ақпараттандыру бойынша, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерін;педагогикалық этиканың негізгі нормаларын; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістері, экономика негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын.
2. «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК бос және уақытша бос педагогтер лауазымы (В1-4 лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақысы педагогикалық еңбек өтіліне байланысты айына 155733 теңгеден 187942 теңгеге дейін.
Бос және уақытша бос лауазымдар атауы:
1) Информатика пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ және орыс ) – 2 жүктеме, уақытша бос орын;
2) Орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысы (оқыту тілі: орыс ) – 2 жүктеме, бос орын;
3) Бастауыш білім беру оқытушысы (оқыту тілі: орыс ) – 1жүктеме, уақытша бос орын;
4) Дене тәрбиесі пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ және орыс ) – 2 жүктеме, уақытша бос орын;
5) Ағылшын тілі пәні оқытушысы (оқыту тілі: орыс ) – 2 жүктеме, уақытша бос орын;
6) Логопедия пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ) – 1жүктеме, бос орын;
7) Тарих пәні оқытушысы (оқыту тілі: орыс ) – 1жүктеме, уақытша бос орын.
8) Математика және физика пәні оқытушысы (оқыту тілі: орыс ) – 1жүктеме, бос орын.
9) Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ ) – 1 жүктеме, бос орын;
Оқытушының функционалдық міндеттері:
ü мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
ü жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
ü оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
ü білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
ü оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
ü білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ü жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
ü білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; педагогикалық этиканың негізгі нормаларын; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Конкурсты өткізу орны: Ақтау қаласы, 2 ш/а, 57 ғимарат. Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары туралы» № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы№ 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:
1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қаласы, 2 шағын ауданы, 57 ғимарат, 213 кабинет, телефон: 8 (7292) 507259 (118).
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
- Скачать файл (DOCX, 26.71 Kb)
14 наурыз 2023
"Амал келді, жыл келді"
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 14 Наурыз «Амал мерекесі» күнінің маңызын түсіндіру, салт-дәстүрлердің ерекшеліктерін айта отырып, жастарды сыйластыққа тәрбиелеу мақсатымен "Амал келді, жыл келді" тақырыбында шара өткізілді. Жастарға бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілейтіні, «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бір-біріне құттықтау сөздер айтатыны, ең...21 ақпан 2023
«Ана тілім – мақтанышым менің»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 21 ақпан халықаралық ана тілі күніне арналған «Ана тілім – мақтанышым менің» тақырыбында іс-шара өткізілді. Осы шараны өткізген педагог- психолог Мусрепова Х.К., және ағылшын тілінің оқытушысы,топ жетекші Мереева К.С. Іс-шараның мақсаты студенттерге мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні,...9 ақпан 2023
«Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 09.02.2023ж. «Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында топ жетекшілері Н.Б.Куянбаев, М. А. Курмановтың ұйымдастыруымен ДТБ-22-2, ДТБ-22-3 топтары, 1 курс оқушылары арасында спорттық эстафета жарысы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды спортпен шұғылдануға тарта отырып белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жастардың бойында ұйымшылдық, жолдастық сезім, әділдік қасиеттерін қалыптастыру, денсаулықтарын нығайту. ...29 желтоқсан 2022
"Оқыту мен оқудағы АКТ" тақырыбындағы семинар өткізілді
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК мен Ақтау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы арасындағы білім беру саласында кадрлар даярлау бағытында шефтік туралы МЕМОРАНДУМ аясында колледж оқытушыларына шеберлік орталығы "Оқыту мен оқудағы АКТ" тақырыбында семинар өткізді. ...27 желтоқсан 2022
«Үздік жас маман - 2022» колледжішілік байқауы
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 2022 жылдың желтоқсан айының 21 мен 26-ы аралығында «Үздік жас маман - 2022» колледжішілік байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға колледждің жас мамандары мен жұмысқа биылғы оқу жылында қабылданған оқытушылар қатысты. Байқаудың мақсаты: Мамандардың өз пәнінің теориялық негізін жетік меңгергенін, бәсекеге қабілеттілігін және мәртебесін арттыру. Байқаудың міндеті: Колледжіміздің талантты және шығармашыл жас...26 желтоқсан 2022
«Өмірге иә деп айт" тақырыбында тренинг өткізілді
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 19 желтоқсан 2022 жылы студенттер арасында педагог-психологтың ұйымдастыруымен: «Өмірге иә деп айт" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: Зорлық-зомбылықтың алдын –алу, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, бірін-бірі сыйлауға, қол тигізбеуге тәрбиелеу. Жастардың адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал ету. ...13 желтоқсан 2022
"Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ" атты "Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті" ПЦК-ның апталығы
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде желтоқсан айының 12-15 күндері аралығында "Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ" атты "Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті" ПЦК-ның апталығы ұйымдастырылып өткізілуде. 12 желтоқсан күні апталықтың ашылуында оқытушылармен танымдық ойындар өткізілді және қазақ, орыс ұлттарының тағамдары тарту етілді. ...24 қараша 2022
"Жаңа Қазақстан- Жаңару мен жаңғыру жолы" атты әлеуметтік -эконмикалық пәндер, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі ПЦК-ның апталығы
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 2022 жылдың қараша айының 21-25 күндері аралығында Әлеуметтік -эконмикалық пәндер, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі ПЦК-ның "Жаңа Қазақстан- Жаңару мен жаңғыру жолы" атты апталығы ұйымдастырылып өткізілуде. Апталықтың ашылуында оқытушылармен танымдық ойындар өткізілді және спорттық жаттығулар көрсетілді. Апталықтың аясында 21 қараша күні тарих пәнінің оқытушысы Ә.Т.Ақкәдірованың "Түркі империясы -...22 қараша 2022
«Worldskills Aktau-2022»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Worldskills Aktau-2022» өңірлік чемпионатының «Мектепке дейінгі тәрбие» және «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзыреттіліктері бойынша жеңімпаздары, «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенттері Ізтілеуова Айдана мен Хасанова Ақтілек өз компатриоттарымен облыс бойынша бас сарапшылар С.К.Cармалаева, В.С.Калменшеевамен кездесу өткізіліп, чемпионат...21 қараша 2022
«Сыбайлас жемқорлық және қоғам»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 21.11.2022 жылы «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» тақырыбында 3 курс студенттерімен топ жетекшісі О.Ж.Керееваның ұйымдастыруымен дәріс өткізілді. Мақсаты: Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың мемлекет қауіпсіздігіне жүйелі қауіп төндіріп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына әсер етуші факторға айналып отырғаны айтылып, мысалдар...18 қараша 2022
«Өмірге қол жеткіз!» тақырыбында семинар-тренинг
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 18.11.2022 жылы «Өмірге қол жеткіз!» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: Жастарға өмірдің мәні мен маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттер арқылы өмір сүруге позитивті көзқарасын қалыптастыру. Семинар-тренинг барысында студенттер жағымды әсерде болды. Олар өз бойындағы қасиеттерін нығайтып, жақсы көңіл-күйде жұмыстанды. Семинар- тренинг барысында жасөспірім...17 қараша 2022
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-курс студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
2022 жылдың қараша айының 17-і күні Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-курс студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Облыстық олимпиадаға 15 студент қатысты. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: 1-кезеңде студенттер ұсынылған тақырыптардың бірін таңдай отырып, эссе жазса, 2-кезеңде жазбаша тапсырмалар орындады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы...16 қараша 2022
ЖИТС туралы не білеміз?» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 16.11. 2022 жылы студенттермен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған:«Теңдік уақыты!» ұранымен «ЖИТС туралы не білеміз?» тақырыбында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» маманы шақырылып, кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: ЖИТС ауруы туралы оқушылардың білімдерін молайтып, түсініктерін кеңейту, осы дерттен сақтану жолдарынан кең көлемді мәлімет беру, ауруға қарсы күрес шараларымен таныстыру...16 қараша 2022
«Бақытты ана - бақытты бала- бақытты ел»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 16.11.2022 жылы «Бақытты ана - бақытты бала- бақытты ел» тақырыбында ата-аналар мен студенттер арасында тренинг өткізілді. Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, балаға ата-ананың сүйіспеншілігін, мейірімділігін, махаббат сезімдерін ояту. Баланың бойында ата - анасына деген кұрмет, ізгі ойлар қалыптастыру. ...15 қараша 2022
«Жұмыс беруші күні» аясында колледждің серіктес мекемелерінің қатысуымен «Сапалы кәсіби білім беру – әлеуметтік серіктестіктің нәтижесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 2022 жылдың 15 қарашасында «Жұмыс беруші күні» аясында колледждің серіктес мекемелерінің қатысуымен «Сапалы кәсіби білім беру – әлеуметтік серіктестіктің нәтижесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара байланысты нығайту. Семинарға Маңғыстау облысының білім...15 қараша 2022
«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 16.11.2022 жылы «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата-аналарды жасөспірімдердің құқықтық жауапкершіліктерімен таныстыру. Адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсініктерін кеңейту. Ата-аналарға сенімділікпен қарым-қатынас орнату бағыттары, ата-аналардың құқықтары және жауапкершіліктері айтылды. Жағымсыз әсерге, әдеттерге...3 қараша 2022
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі ...27 шілде 2022
Қазақ тілін оқуға арналған порталдар:
«Tilqural.kz» - қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис. ___________________________________________________ Сайтта қазақ тілін білмейтін ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар. Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің бірі). Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде...4 шілде 2022
Мемлекеттік емтихан Worldskills чемпионаты шеңберінде
Демонстрациялық емтихан тапсыру барысында студенттер өздерінің теориялық алған білімдерін практика жүзінде дәлелдей алды. ҰОҚ-нің жоспарын жазуды толық меңгергендіктерін көрсетті. Еріктілер тобымен сабақты жүргізу барысында болашақ тәрбиешілердің шеберліктері әр қырынан көрініс тапты. Кіріктірілген сабақты көрсету барысында білім беру салаларын бір-бірімен шебер ұштастыра білді. Сабақтың тақырыбына сәйкес дидактикалық ойындарды таңдай отырып, қажетті материалдарды эстетикалық талғаммен... : http://kollej.edu.kz/kz/collges_news/zhanalyktar?title=record_6337821 тамыз 2021
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
Конкурс нәтижелері ...1 шілде 2021
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
01140500-Дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша шығармашылық емтихан кестесі ...8 маусым 2021
Талапкер
...19 мамыр 2021
Жаднама
Жаднама ...17 ақпан 2021
Назар аударыңыздар!
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасының аясында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, адалдық, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2021 жылы 17 ақпан күні сағат 11.00-12.00 аралығында колледжде «Адал бол – адам бол!» квест ойыны өткізіледі. ...