20 мамыр 2019
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ
«Бекітемін»
« » 2018ж.
Директор: М.Утебаев
«МҰРЫН ЖЫРАУ СЕНГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ
МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН
ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ
Колледж студенттерінің құқығы:
1.Студенттердің құқы бар:
1) кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес сапалы білім алуға;
2) колледждің педагогикалық кеңесінің шешімімен кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының шегінде жеке оқу жоспары бойынша білім алуға;
3) оқу жоспарына сәйкес балама курстарын таңдауға;
4) ақылы қызмет негізіндегі қосымша білім алуға;
5) білімді ұйымдастыруда басқару жұмыстарына қатысуға;
6) қайта қабылдану және басқа оқу орнына ауысу, бір мамандықтан келесі мамандыққа немесе бір білім алу формасынан басқа түріне ауысуға;
7) колледжде ақысыз ақпараттар қорын, оқу әдістемелік жинақтар мен құралдарды пайдалануға, оқулықтармен қамтамасыз етілуге;
8) кітапхана, спорт, оқу залдарын ақысыз пайдалануға;
9) өз ойын және пікірін ашық жеткізуге, өз қадір қасиетін сыйлауға;
10) оқуда, ғылыми, шығармашылық қызметтегі жетістіктері үшін мадақталуға және марапатталуға;
11) стипендия алуға (мемлекеттік сұраныс бойынша жақсы және үздік бағалармен оқитын білім алушылар ішінен)
12) кәсіподақ ұйымына (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын) өз еркілерімен кіруге және ай сайын шәкіртақыларының 1 (бір) % кәсіподақ шотына аударуға;
13) оқудан бос уақытта, оқуды жұмыспен қосымша жасауға.
2.Колледж студенттерінің міндетті:
1) кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес білім, іскерлік, практикалық дағдылар мен құзырлықты игеруге;
2) ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтауға;
3) білім беру қызметі туралы шарт бойынша және колледждің Жарлығында қарастырылған талаптарды орындауға;
4) өз денсаулығын сақтауға, ішкі дүние мен физикалық өзін-өзі жетілдіруге;
5) колледж салтын, педагогикалық қызметкерлердің ар намысын және қадір қасиетін сыйлауға;
6) болашақ маман иесінің деңгейіне сай қатаң киім формасын сақтауға;
3. Оқу орнының ішінде рұқсат етілмейді:
1) пәлте және бас киіммен (орамал, телпектер) жүруге;
2) оқу сабақтарының уақытында дәлізде шулауға, айқайлап сөйлеуге, темекі тартуға;
4. Оқушыларды оқудағы жетістіктері, ғылыми және шығармашылық, спорттық - бұқаралық және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін әкімшілік колледж жастары комитетінің келісімімен келесі марапатталулардың бірі беріледі: алғыс жариялау; сыйақы беру; қымбат сыйлықпен марапаттау; Құрмет граматасымен марапаттау; Құрмет тақтасына енгізу; Маңғыстау облыстық кәсіподақ комитетенің білім және ғылым қызметкерінің алдында атаулы стипендиямен марапатталуға қолдаухат беру және т.б.
5. Колледждің ішкі еңбек тәртібі бұзылса, оқушыларға келесі тәртіптік жазаларды қолдануы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, оқу орнынан шығару (педагогикалық кеңес шешімімен)
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: С.Сармалаева
1. Оқу үрдісі кестесі негізінде іске асады.
2. Сіз оқып отырған Жаднама сіз үшін өте маңызды бірінші оқу жылында өз уақытыңызды дұрыс жоспарлап, барлық нәрседен хабардар болуға мүмкіндік береді. Сіздің болашақта табысқа жетуіңіз өз уақытыңызды дұрыс жоспарлай білуіңізге байланысты екендігін есте сақтаңыз.
Сіздің сабақтарыңыз жұмыс оқу жоспарына сәйкес өткізіледі. Сабақ кестесімен сіз бірінші қабатта, оң жақ жолда холлда таныса аласыз.
Студенттердің оқу аптасы-дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алты жұмыс күнінен тұрады.
Сабақтың басталу уақыты – сағат 8.00 (І аусым) және 13.30 (ІІ маусым)
Студенттердің сабақ кестесіне сәйкес сабаққа қатысуы міндетті.
Есте сақтаңыз, директордың немесе бөлім жетекшісінің рұқсатынсыз сабақтарды (барлық формадағы) жіберуге болмайды.
Сабақтан себепсіз кешігуге және уақытынан бұрын кетіп қалуға рұқсат етілмейді.
Сабаққа келген студенттің сыртқы келбеті қарапайым, жинақы және ұқыпты болуы тиіс.
3. Егер де сырқаттанып қалсаңыз, оқу бөліміне бекітілген формадағы медициналық анықтама әкеліп, топ жетекшісіне немесе бөлім жетекшісіне ескертуіңіз керек.
4. Студенттер сабаққа дайындалу және аудиоторияны сабаққа даярлау үшін 15 минут бұрын келеді
5. Оқу топтарындағы студенттердің күнделікті сабаққа қатысы, тәртібі, денсаулығына қауіпсіздік ережелерінің сақталуына топ жетекшілері тікелей жауапты.
6. Студенттер колледж ішінде оқу формасын сақтауы тиіс. Қыздардың формасы: ақ жейде, классикалықүлгідегі қара түсті белдемше (юбка). Ұлдардың формасы: ақ жейде,классикалық үлгідегі қара түсті шалбар(шалбар еркін тігілген және ұзындағы бойынша тобықты жауып тұруы міндеттеледі).
7. Колледж ғимараты ішінде ауыстырып киетін жеңіл аяқ киім болуы керек.
8. Оқу ғимаратындағы жалпы тәртіпке кезекші әкімшілік өкілі, кезекші оқытушы және топ жетекшілері жауап береді.
9. Колледжде болған уақытында әр білім алушы өз киімі және жеке мүлкі үшін өзі жауапты.
10. Егерде студент есірткі пайдаланса және оны тарату арқылы көзге түссе оқудан шығарылады. Егер студент кейбір құмарлық ойындармен шұғылданып жүргенібайқалса, оқудан шығарылады.
11. Колледж қабырғасында темекі тартуға тыйым салынған, әкімшілікке, оқытушыларға, курстастарға немсе басқа топ студенттеріне балағат сөз айтуға жол берілмейді.
12. Аудитория мен қызметтік бөлмелерінің кілттері оқытушыларға тек вахтермен журналға тізімделіп қана беріледі (кілтті вахтерге оқытушылардың өздері тапсыруға міндетті). Студенттергекілт беруге тыйым салынады. Аудиториялар мен оқу бөлмелерінің кілттеріне 2 ауысымдағы соңғы сабақта болған оқытушы жауап береді.
13. Колледж қабырғасында сабақта сырт киімімен және спорт киімімен жүруге тыйым салынған.
14. Колледж территориясында болған кезде жанында тұлғаны анықтайтын студенттік билетті алып жүруге, оны колледжге кіре берісте, сонымен бірге вахтерлерге немсе колледжәкімшілігіне талап еткен кезінде көрсетуге; тазалық және тәртіп сақтауға міндетті.
15. Оқытушы аудиторияға кірген кезде студент орнынан тұруы тиіс. Сабақ кезінде оқу тәртібін бұзуға, шу көтеруге, әңгімелесуге жол берілмейді.
16. Сабақ кезіндеұялы телефон пайдалануға жол берілмейді.
17. Студенттер колледждің қоғамдық өміріне, оқу орны өткізетін қоғамдық шараларға қатысады.
18. Студенттер колледж мүлкін аяп сақтауы қажет. Колледж мүлкін заялаған жағдайда студент шығынды өтеуі тиіс.
19. Колледж студенті ішкі тәртіп ережелерін бұзып, орындамағаны үшін жеке жауапқа тартылады. Ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін әкімшіліктің қарауы бойынша келесі тәртіпке шақыру шаралары қолданылады: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, колледж стужденттері қатарына шығару.
20. Колледж қабырғасында тыйым салынады: бас киіммен, спорт киіммен, ұзын юбкамен және ормалмен жүруге; қатты дауыстап сөйлесуге, шулауға, сабақ кезінде коридорда жүруге;
Колледж территориясында, кіре берісте, дәретханаларда және осы мақсатқа арналмаған жерде темекі тартуға үзілді-кесілді тыйым салынады.
- Скачать файл (DOCX, 19.4 Kb)
21 мамыр 2021
Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері
Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері ...18 мамыр 2021
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Жаднама ...16 наурыз 2020
«МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖI» МКҚК
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! CALL- CENTER Колледждің қашықтықтан білім беру технологиясына ауысуына байланысты білім беру порталы және электрондық білім ресурстары бойынша колледж қызметіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда CALL-ОРТАЛЫҚҚА басшылардың келесі ұялы телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз. № Аты-жөні Қызметі Ұялы телефон нөмірлері 1. Утебаев...20 мамыр 2019
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ
«Бекітемін» « » 2018ж. Директор: М.Утебаев «МҰРЫН ЖЫРАУ СЕНГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ Колледж студенттерінің құқығы: 1.Студенттердің құқы бар: 1) кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес сапалы білім алуға; 2) колледждің педагогикалық кеңесінің шешімімен кәсіптік білімнің...