29 тамыз 2016
Оқытушылар мен қызметкелердің қызметтік әдебінің кодексі
Жоғары сапалы кәсіптік қызмет көресетуге жағдай туғызып отырған колледж құрметіне, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің оқытушысы - Педагог, Мұғалім және Тәрбиеші екендігін сезіне отырып, моральдық - әдептілік ережелерді (нормаларды) сақтау міндеттерін орындауды мойнымызға аламыз және келісеміз:
Өз жұмысын кәсіби түрде және дер кезінде орындау.
Студенттер білімін бағалауда тәуелсіздік және обьективтік принциптерін ұстану.
Өз елімізде және халықаралық қоғамдастықпен қабылданған білім беру қызметінің заманауи стандарттарына сүйеніп, облыстың және Қазақстан Республикасының түрлі колледждеріндегі әріптестермен тәжіребие алмаса отырып, үнемі өз теориялық білімі мен педагогикалық шеберлігін арттыру.
Белсенді түрде іздену негізінде зерттеу және ғылыми қызмет ету, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін хабарлауда дәлелдей білу, ой - пікірін жеткізуде турашылдық және адалдық таныту.
Зиялылық пен парасаттылықтың, жоғары имандылықтың, адамгершілік пен отансүйгіштіктің үлгісі болу, жемқорлықтың кез келген белгілерінің, тәртіпсіздік пен жауапсыздықтың қарсыласы болу.
Пікірлер плюрализміне төзімділік пен құрмет таныта білу,сонымен бірге өз көзқарасын қорғай білу.
Кәсіптік қызмет бойынша объективті шешім қабылдау және сыни ескертулер айту, жіберілген қателіктерді мойындау және түзету.
Жалған мағлұмат таратуды және басқа арам пейілді әрекеттер арқылы әріптестер мен студенттердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қысым көрсетуді, оларға моральдік және материалдық зиян келтіруді болдырмау.
Еңбек ережелерін орындаушылық және оқу тәртібін сақтаудың қажеттілігін сезіне білуде, колледж мүліктерін аяп сақтауда, өз әріптестерін құрметтеуде, мәдени және білім деңгейін көтеруде өз жеке тәртібімен студенттерге үлгі бола білу.
Колледж абыройын көтеруге ықпал ету және оқытушы атына нұқсан келтіретін қылықтан сақтану. Басқа оқытушыларға (қызметкерлер) тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу.
Колледж қабырғасында киім киюде іскерлік стильді ұстану.
Позитивті ойлау идеясын, белсенді мінез-құлық, дербес түрде өзін-өзі жетілдіруді насихаттау.
Әлемге ашық болу, өмірден, әріптестерден және студенттерден үйрену.
Біз аталған базалық принциптерді және оқытушылар мен қызметкерлердің қызметтік әдебі кодексін жүзеге асыруды мойнымызға аламыз.
Біздің колледжіміз адамгершілік пен ой-өріс, парасаттылық күшінің үлгісі болуына және Қазақстанның жоғары білім элитасын құруына барлық белсенді күш-жүгерімізді жұмсаймыз.
Аталған Кодекс нормаларын қабылдай отырып, оларды бұзу Маңғыстау гуманитарлық колледжі оқытушысының ар-намысы мен абыройына, атағына кір келтіретіндігін есте сақтаймыз.
Әдептілік кодексі колледждің әдістесмелік кеңесінде қабылданды.
Хаттама №3,02 желтоқсан 2011ж.
5 қыркүйек 2022
2022-2023 оқу жылы. Студенттердің ар-намыс кодексі
Мен, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің студентімін, Колледждің біліктілігі жоғары, адамгершілігі мол мамандарды даярлау бойынша миссиясын жүзеге асырудағы өзімнің жауапкершілігімді түсіне отырып, студенттік қоғамдастықтың корпоративтік мәдениетін қолдауды және дамытуды, жетекші білім беру мекемесі мен Қазақстанның кәсіби кадрларын даярлау орталығы ретінде Колледж имиджін сақтауды парызым деп есептей отырып, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау...5 қыркүйек 2022
2022- 2023 оқу жылы. Оқытушылар мен қызметкелердің қызметтік әдебінің кодексі
Оқытушылар мен қызметкелердің қызметтік әдебінің кодексі Жоғары сапалы кәсіптік қызмет көресетуге жағдай туғызып отырған колледж құрметіне, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы - Педагогы, Мұғалімі және Тәрбиешісі екендігін сезіне отырып, моральдық-әдептілік ережелерді (нормаларды) сақтау міндеттерін орындауды мойнымызға аламыз және келісеміз: ...31 мамыр 2019
Студенттерінің ар-намыс кодексі
...29 тамыз 2016
Оқытушылар мен қызметкелердің қызметтік әдебінің кодексі
Жоғары сапалы кәсіптік қызмет көресетуге жағдай туғызып отырған колледж құрметіне, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің оқытушысы - Педагог, Мұғалім және Тәрбиеші екендігін сезіне отырып, моральдық - әдептілік ережелерді (нормаларды) сақтау міндеттерін орындауды мойнымызға аламыз және келісеміз: Өз жұмысын кәсіби түрде және дер кезінде орындау. Студенттер білімін бағалауда тәуелсіздік және обьективтік принциптерін ұстану. Өз елімізде және халықаралық қоғамдастықпен қабылданған білім беру...