26 маусым 2012
Аяпова Ляззат
Мен Маңғыстау гуманитарлық колледжінің түлегі Аяпова Ляззат Нұрболатқызы 2009 – 2012 жылдар аралығында «Аударма ісі» мамандығын ойдағыдай тамаша бітірдім. Колледж табалдырығын аттағалы мұғалімдерден білім және жақсы тәлім – тәрбие алдым. Соның ішінде жылы лебіз көрсеткен колледж директоры Ушакова Анна Васильевнаға, білім беріп жетелеген ұстаздарым Кереева Оксана Жылқыбаевна, Мереева Клара Сандировна, Сарбалина Гүлбаршын Жасұланқызы, Азанова Сарсенбибі Оразалиевна және т.б. қадірлі ұстаздарыма алғысым шексіз.
20.01.12 – 15.03.12 ж. аралығында өндірістік практикамды «Халлибуртон Интернэшнл, Инк.» мекемесінде өткіздім. Бұл мекеме Қазақстанда мұнай игеру саласындағы жақсы дамып әрі өркендеген алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі болып есептеледі. Сол себепті мен бұл мекемеде практикамды өткізуді ұйғардым. Мекеме филиалы бойынша менің өндірістік практика жетекшім «Халлибуртон Интернэшнл, Инк.» мекемесі филиалының Радиациялық қауіпсіздік және өнеркәсіптік санитария бойынша әкімшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Турдиев Қанат Абдусалимұлы болды.
Өндірістік практика кезінде құжаттармен дұрыс жұмыс жасауды, оларды орыс – ағылшын тілдеріне аударуды, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасауды және түрлі өндірістік жұмыстарды меңгеру бағыттары бойынша үлкен тәжірибе алдым. Сонымен қатар ұжым арасында белсенділік көрсетіп, мекеме қызметкерлерімен тез арада тіл табыса отырып, мекеме филиалына көмек көрсету, мен үшін үлкен ғанибет әрі мол тәжірибе болды. Сол себепті маған болашақтағы жұмыс бағытын көрсете білген практика жетекшісі Турдиев Қанат Абдусалимұлына рахметімді айтамын. Осындай тәжірибе алуыма Маңғыстау гуманитарлық колледжінің қосқан үлесі зор.
Қазіргі заманда Қазақстан Республикасы қарқынды даму үстінде, ал оның болашағының дамуы біздің қолымызда. Яғни, ол үшін біздер, қазіргі болашақ жастар, ерінбей білім алып, еңбек етіп, еліміздің туын көтеріп, оның көркеюіне зор үлесімізді қосу, біздің міндетіміз!
29 тамыз 2016
Оқытушылар мен қызметкелердің қызметтік әдебінің кодексі
Жоғары сапалы кәсіптік қызмет көресетуге жағдай туғызып отырған колледж құрметіне, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің оқытушысы - Педагог, Мұғалім және Тәрбиеші екендігін сезіне отырып, моральдық - әдептілік ережелерді (нормаларды) сақтау міндеттерін орындауды мойнымызға аламыз және келісеміз: Өз жұмысын кәсіби түрде және дер кезінде орындау. Студенттер білімін бағалауда тәуелсіздік және обьективтік принциптерін ұстану. Өз елімізде және халықаралық қоғамдастықпен қабылданған білім беру...29 тамыз 2016
Педагог - психологтың 2016 - 2017 оқу жылының жұмыс жоспары
Міндеттері: · Студенттердің психикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған кәсіптік қызмет; оқушылардың дербес тұлғалық, интеллектік және эмоционалдық ерекшеліктерін диагностикалау; студенттермен психикалық диагностика жүргізу; диагностикалық- коррекция (түзету) жұмыстарын жүзеге асыру; · колледж әкімшілігі мен педагогикалық ұжымға барлық ағарту үдерісіне қатысушылардың тұлға ретінде дамуына, студенттердің дербестігіне әлеуметтік дамуына жағдай туғызу және олардың...29 тамыз 2016
Ата-аналар комитетімен біріккен түрде өткізілетін жұмыс жоспары, 2016 - 2017 оқу жылы
№ Жұмыс мазмұны Орындау уақыты Жауаптылар 1. Жаңа оқу жылының жоспарымен таныстыру қыркүйек Сармалаева С.К. Салтанатова М.Ч. Колледж тәртібімен, талаптарымен танысу қазан Тасжанова М.Д. 2. Ашық есік күніне ата-аналарды шақыру /жиналыс,сабақтарға қатысу, сауалнама/ қараша Топ жетекшілері Бөлім меңгерушілері ...29 тамыз 2016
Құқықбұзушылықтың алдын - алу кеңесінің жұмыс жоспары 2016 - 2017 оқу жылы
№ Шаралар Мерзімі Жауаптылар 1. 2015-2016 оқу жылы бойынша жасақталған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту. 10.09.2016ж. Сармалаева С.К. 1. 1 курс студенттерінің ата-аналарымен арасындағы студенттердің құқығы және міндеттері туралы келісім шартты талдау. 15.09.2016ж. Сармалаева С.К. Тасжанова М.Д. 2. Өткен оқу жылындағы және жаз...7 желтоқсан 2015
Жүрегі дархан – Ұстаздар
Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым, бар сенің қасиетің. Білім берген, ой берген, ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең … Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» дәл тауып айтылған. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ғалым да,батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған диқан да барлығы ұстаз алдынан өткен, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді,...24 қыркүйек 2013
Ұстаз – ұлағатты есім
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Міне, сол себепті де мен мұғалім мамандығын таңдадым. Мен киелі білім ордасы - Маңғыстау Гуманитарлық Колледжінде "010503 3 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі" мамандығы бойынша 2011 жылы оқуға түстім. Маңғыстау гуманитарлық колледжі – арнаулы...18 желтоқсан 2012
Менің оқу орным туралы...
Ақырын жүріп анық бас Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық етпес жалықпас Үйретуден балаға... - деп Абай атамыз айтқандай, осынау қиыны мен қызығы мол мамандық иесі болу – менің де арманым. Ұстаз болу оңай емес. Оның қыры мен сырына үңіліп, оны меңгеру үшін Ақтау қаласының 2 шағын ауданында орналасқан қасиетті шаңыраққа келіп мен де бағымды сынап, киелі оқу орнының студенті атандым. Бұл киелі орда - Маңғыстау гуманитарлық колледжі. Маңғыстау гуманитарлық колледжі ...26 маусым 2012
Аяпова Ляззат
Мен Маңғыстау гуманитарлық колледжінің түлегі Аяпова Ляззат Нұрболатқызы 2009 – 2012 жылдар аралығында «Аударма ісі» мамандығын ойдағыдай тамаша бітірдім. Колледж табалдырығын аттағалы мұғалімдерден білім және жақсы тәлім – тәрбие алдым. Соның ішінде жылы лебіз көрсеткен колледж директоры Ушакова Анна Васильевнаға, білім беріп жетелеген ұстаздарым Кереева Оксана Жылқыбаевна, Мереева Клара Сандировна, Сарбалина Гүлбаршын Жасұланқызы, Азанова Сарсенбибі Оразалиевна және т.б....26 маусым 2012
Жарылгасова Жадыра
Өмірдің сәтті шағы, тәтті шағы Студенттік өмірдің атты таңы Бүгін де сол шақтардың сәтті болған Жарқыраған бір күні батты тағы! Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып студенттік шақтар қалатын шығар. Студенттік өмір – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, адамның есте қалар ерекше кезеңі ғой. Бізге білім ғана емес, өмірлік тәрбие бере білген ыстық ұя, білім ордамыз Маңғыстау гуманитарлық колледжі болды. 2008 жылы аталған оқу орнының...26 маусым 2012
Аманова Айзада
Менің атым Аманова Айзада. Мен Маңғыстау гуманитарлық колледжінде,бастауыш білім беру мұғалімі, факультетінде оқыдым. Біздің колледж тек Ақтау қаласындағы ғана емес, обылыс бойынша ең керемет білім ордасы. Осы колледжге ең алғашқы рет қадам басқанымда өте куандым, өткені мені мұғалімдер өздерінің жарқыраған жүздерімен, күлімдеп қарсы алды. Бұл колледж мен үшін екінші үйім болды, ал жетекшім Зиганшина Гульнара екінші анамдай. Біздер жақсы және білімді ұстаздар болу үшін барлық мұғалімдер өз...26 маусым 2012
Оңбосынова Данагүл Жанкелдіқызы
Мен, Оңбосынова Данагүл Жанкелдіқызы, «Бастауыш білім беру ісіндегі шетел тілі мұғалімі» мамандығы бойынша 2008 жылы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің табалдырығын аттап , 2012жылы оқуымды аяқтадым. Колледж қабырғасында оқып жүргенімде бірнеше ұстаздар бізді білімді, инабатты педагог болуға тәрбиеледі. Ұлағатты ұстаздардың арқасында болашақта оқушыларға білім нәрін сеуіп, адамгершілікке тәрбиелеп, халқына қалаулы, еліне елеулі азамат пен азаматшаларды қалай тәрбиелеуге, болашаққа қалай...18 маусым 2012
Шәкірт тілегі - Айгерім Өтегенова
Білімдіден шыққан сөз – Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. – деп Абай атамыз айтқандай, адам баласы қай уақытта да оқу, білім, ғылым деген нәрселермен озады деген ой босқа айтылмағаны мәлім. Менің алға қойған мақсатымның бірі – жақсы білім алып, оны іс жүзінде пайдаға асыру болды. Міне, енді сол арманымның алғашқы сатыларына да қиын да қызықты сәттерді жеңіп, өткердім. Мұндағы қатаң талап, болашақ мамандарды өз ісінің майталман білгірі болып шығуына көп...16 маусым 2012
Шәкірт тілегі - Сапарбаева Жамила
Маңғыстау гуманитарлық колледж, қазіргі таңдағы ірі оқу орындарының бірі деп айтсақ, артық емес. Өйткені, біздер 2009жылы оқу жылында студент атандық. Сол сәттен бастап жаңа өмірге аяқ бастық. Ең алғаш ШП - 12 тобында 30 студент болып бас қостық. Тобымыздың жетекшісі қазақ тілі пәнінің оқытушысы Алтыбаева Рысты апай. Топ жетекшіміз колледждің ішкі тәртібімен таныстырып өтті. Сол күннен бастап өмірімізге жаңа өзгерістер ене бастады. Мұнда білікті,ұлағатты ұстаздардан білім алдық. Олар біздерге...20 сәуір 2012
Мұғалім мамандығы – мамандық атаулының қайнар көзі, биік тұғыры
Биыл 25 жылдың мерейтойын тойлағалы отырған Маңғыстау гуманитарлық колледжі – Ақтау қаласындағы ең таңдаулы оқу орындарының бірі. Өзі ашылғаннан бері бұл колледж қаншама «ұстаз» деген атқа лайықты мамандарды тәрбиелеп, оқытып шығарды. Оқу орнының атақ–даңқы шәкірттерінің санымен емес, жақсы атағымен шығады деп өте дұрыс айтылған сөз бар. Ал оның жақсы атағының шығуы, содан түлеген ұстаздардың өте сапалы білімінен, кәсіби шеберлігінен анық көрінеді. Мұғалім мамандығы – мамандық атаулының...16 сәуір 2012
Ол бір ең қызық та қайта оралмас студенттік кездер еді
Бір топта оқыған қыздармен бір қалада тұрып, бір–бірімізбен араласып тұрсақ та, басымыз қосылса болды, педколледжде оқыған кездеріміз ойымызға орала кетеді. Ол бір ең қызық та қайта оралмас студенттік кездер еді. 1987жылы бақытты балалық шақпен қоштасып, педколледжге оқуға келгенімізде таңдаған мамандығымыздың қиындығын бірі түсінсе, бірі түсінбейтін жаста едік. Осылай 8–сынып бітірген 15 жастағы балғындар үшін қызығы мен қиындығы қатар жүретін студенттік өмір басталып та кеткен еді. Бір...12 сәуір 2012
Сырт көз айдары
Маңғыстау гуманитарлық колледжі жайлы сырт көз не дейді... Ендеше, колледждің кешегі түлектеріне сөз берейік. Анесова А: «Маған кейде колледж үлкен жанұя сияқты. Бір-бірі үшін күйініп–қуанатын, қиналса демейтін, алауыздық дегенді білмейтін, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын жанұя мүшелеріндей.»; «Білімсіз мыңды мертіктірер дегендей, біздің колледжде білімсіз жан бар деу қиын. Сондай–ақ, ондағы ұлағатты ұстаздардың студентке берер білім нәрін, тәлім-тәрбиесін,...12 сәуір 2012
Маңғыстау педагогикалық колледжі – қаламыздағы мақтаулы оқу орындарының бірі.
Бұл колледж 1983 жылы 12 сәуірде ашылғаннан бері «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша қалаға, қала берді облысқа танымал талай ұстаздарды тәрбиелеп шығарды. Сол алғашқы «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша бітірушілердің бірі болып №16 орта мектепте ұстаздық ететін, мектебіміздің мақтанышына айналған Байдуллаева Қамқаш Тәжіғалиқызы 1 санатты, шәкірттеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп жүрген ұстаз. Ол 2005 жылы «Қалалық әдістемелік идеялар» байқауына қатынасып IV...7 сәуір 2012
Колледж жайлы бірер сөз
Ия, уақыт шіркін – ай... Кеше ғана колледжге келіп құжат тапсырып жүр едік, бүгінде жас маманбыз! Төрт жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдық. Әйтсе де осы уақытқа дейін өткен әрбір күніміз, жіпке моншақ тізгендей көз алдымызда. Ендеше колледж жайлы бірер сөз айтсам... Ақтау қаласынан орын тепкен, Анна Васильевна Ушакова басшылық ететін Маңғыстау гуманитарлық колледжі бүгінде абыройлы колледждердің бірі. Өткен жылы колледжімізге 25 жыл толды. Осы уақытқа дейін түлеп...